Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар. Оларды қайта пайдалану мен залаласыздандыру әдістері, кәдеге жарату жолдары

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр-түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауып-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп кұнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жиюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энегия, уақыт жұмсалып жатыр.

Әр өнеркәсіп өндірістерді өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шенберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады.

Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстап тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.

Өндіріс және тұтыну қалдықтары (шикізат, материал, өзге де бұйымдар мен өнімдерді өндіру немесе тұтыну үдерісінде түзілетін қалдықтар, сондай-ақ өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан тауарлар (өнім). 

Қауіпсіз қалдықтар  — қауіпті және инертті қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;

Қауіпті қалдықтар — құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттарды қамтитын және дербес немесе өзге заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;

Қалдықтарды кәдеге жарату — қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;

Қалдықтарды залалсыздандыру — механикалық немесе  физикалық-химиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;

Қалдықтарды қайта өңдеу – қалдықтарды кәдеге жаратуды жақсарту немесе олармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемі мен қауіпті қасиетін төмендету арқылы қалдықтардың сипаттамаларын өзгертетін сұрыптауды қоса алғандағы, физикалық-жылулық, химиялық немесе биологиялық үдерістер;

Қалдықтарды көму – қалдықтарды қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарда шектеусіз мерзім ішінде  жинап қою;

Қалдықтармен жұмыс істеу – қалдықтардың түзілуінің алдын-алуды немесе барынша азайтуды, қалдықтардың жиналуын есепке алуды және бақылауды, сонымен қатар, жинауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинауды) және жоюды қоса алғандағы қалдықтармен байланысты қызмет түрлері; 

Қалдықтарды пайдалану (қайта өңдеу, залалсыздандыру) – қалдықтарды тікелей қайта өңдеу немесе қалпына келтіру жолымен әртүрлі өнім  түрлерін алу мақсатында шаруашылық айналымға тарту;

       Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 4 қауіптілік сыныбына бөлінеді:

      І қауіптілік сыныбы – төтенше қауіпті қалдықтар;

      ІІ қауіптілік сыныбы – қауіптілігі жоғары қалдықтар;

      ІІІ қауіптілік сыныбы – қауіптілігі орташа қалдықтар;

      ІV қауіптілік сыныбы – қауіптілігі аз қалдықтар.

      I қауіптілік сыныбының қалдықтары тұмшаланған ыдыста сақталады (болат бөшкелер, контейнерлер). Толуына қарай қалдықтар салынған ыдысты болат қақпақпен жабады, қажеті болған кезде электрлі газбен дәнекерлейді.
     II қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары агрегаттық күйіне сәйкес полиэтилен қаптарда, пакеттерде, бөшкелерде және зиянды заттардың (ингридиенттердің) таралуына кедергі болатын ыдыстардың басқа да түрлерінде сақталады.
     III қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары жайылтпай сақтауды қамтамасыз ететін, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін және зиянды заттардың таралуын болдырмайтын ыдыста сақталады.

     IV қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары өнеркәсіптік алаңдарда конус тәрізді үйінді түрінде ашық сақталады, сол жақтан олар автотиегішпен автокөлікке тиеледі және кәдеге жарату және көму орындарына жеткізіледі. Бұл қалдықтарды тұтыну қалдықтарын көму орындарында олармен біріктіруге немесе оқшаулағыш материал немесе аумақтағы жоспарлау жұмыстары түрінде пайдалануға жол беріледі.

     Сұйық және газ түріндегі қалдықтар тұмшаланған ыдыста сақталады және кәсіпорын аумағынан бір тәулік ішінде шығарылады немесе оны залалсыздандыруды өнеркәсіптік объектіде жүргізеді.

       Қатты, оның ішінде сусымалы қалдықтар контейнерлерде, пластик, қағаз пакеттерде немесе қаптарда сақталады және олардың жиналуы бойынша шығарылады.
      Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған өнеркәсіптік алаңды кәсіпорын аумағында желдің ық жағына орналастырады. Алаңды қатты және уытты заттарды өткізбейтін материалмен жабады, тазарту құрылыстары жағына қарай құйылыс құрылғысы және еңісі бар төсеніш төсейді. Алаңдардың бетіндегі жиналған суларды жалпы жауын-шашын бұрғышына бағыттауға жол берілмейді. Алаңдардың бетіндегі жиналған сулар үшін уытты заттармен жұмыс істеуді, тазалауды және оларды залалсыздандыруды қамтамасыз ететін арнайы тазарту құрылыстары көзделеді. Алаңда қалдықтарды атмосфералық жауын-шашынның және желдің әсерінен қорғау көзделеді.
      Өндіріс қалдықтарын сақтайтын орындарда стационарлық немесе жылжымалы тиеу-түсіру механизмдері қарастырылады.
      Өнеркәсіптік алаң аумағындағы қалдықтардың рұқсат етілетін мөлшерін кәсіпорын қауіптілік деңгейі бойынша қалдықтарды сыныптау негізінде анықтайды.
     Қалдықтарды сақтайтын алаңдардың орналасқан ауданындағы (орнындағы) қоршаған ортаның жағдайын бақылау өндірістік объектінің өндірістік зертханасында не аккредиттелген зертхананы тарта отырып жүзеге асырылады.
     Кәдеге жарату орындарында жинақталған өндіріс қалдықтарының мөлшері қалдықтарды өңдейтін өндірістік жабдықтың екі апталық қуатынан аспауы тиіс.
            Қалдықтарды зиянсыздандыру төрт әдіс: жағу, химиялық немесе биологиялық жолмен нейтралдау, көму арқылы жүргізіледі.

Әдетте улы емес жанбайтын қатты қалдықтар ашық жерде сақталынады немесе жәй көміледі.

Полигондар — бұл кәдеге асыруға жатпайтын онеркәсіп калдыктарын зиянсыздау мен көмуге бағытталған арнайы табиғат қорғау кұрылыстары. Полигон құрудың негізгі мақсаты . қалдықтарды көмуге бөлінген жерді экономикалық тұрғыдан тиімді түрде қолдану арқылы топырақты, атмосфераны, жер асты мең бетіндегі суларды улы компоненттермен ластанудаң сақтау,

Полигондар ретінде пайдаланатын жер 20-25 жылдай мерзімге бөлініп беріледі. Олар конысты аймақтан аулақтандырылады, санитарлық қорғау зонасының ені 3 км —ге тең болуға тиіс. Полигонның алшақтығы ауылшаруашылык егістік жерден және транзитті жолдардан 200 м-ден, орман алқабынан 50 м-ден кем болмауы қажет. Санитарлық қорғау зонаны қөгалдандыру және периметр бойымен ені 50 метрдей келетін орман қорғау алқабымен полигонды жабдықтандыру қарастырылады.

   

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *