1.1 ЖҰӨ туралы жалпы түсінік
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатасушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика — бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс — әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.
Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипттайды.
Біз, осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардың экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатандығын қарастырамыз.
Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:
- Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
- өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
Жалпы ұлттық өнім — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып — үйренуіміз керек.