Жалпы мемлекеттік салықтар

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық.
Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер, коммерциялық емес ұйымдар).
Оның ішінде:
— Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінен басқа резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
-кәсіпкерлік қызметінен алынған табысы бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар.
Салық салу объектісі болып, салық салынатын табыс саналады.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық, табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жылдық жиынтық табыс.
Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың күнтүзбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады, оларға:
өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс жанама салықтарсыз;
үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құның инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс;
сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:
— проценттер, берілген кредиттер мен депозиттер үшін төлемдер және процент бойынша басқа да табыстар;
— заңды тұлғаға қатысудан түскен акциялар бойынша алынғанда дивиденттер, сондай-ақ заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлуден түскен табыс,бұған инфляцияны ескере отырып жарғылық қорға қосылған жарналар кірмейді;
— тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты;
— роялти;
— өтелетін шегерістер;
— басқа да табыстар;
— есепті жылы анықталған өткен жылдардағы табыс;
— банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін азйтудан түскен табыстар;
Резидент емес заңды тұлғаның табыс мөлшерінің мынадай ерекшелігі бар:
-Резидент емес заңды тұлғаның барлық қызметінен жалпы түсімдегі Қазақстан Республикасындағы өткізілген өнімнен алынатын жалпы түсімнің үлес салмағы;
-Резидент емес заңды тұлға шығысының сомасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметке байланысты шығындардың үлес салмағы.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынған табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады.
Резидент – Қазақстанда салық жылы басталатын немесе салатын кез келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетел Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде төлеуші жеке тұлға.Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезіңнің алдындағы кезең үшін резидент ретінде қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы аяқталған жылдан кейінгі жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.
Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысы резидентінің қандай көздерден алынғанына қарамастан Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан сырт жерде алған табыстарынан құралады.
Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысына оның Қазақстан Республикасында немесе одан сырт жерде алынғанына қарамастан Қазақстандағы көздерден алынған табыстары кіреді.
Кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан немесе негізгі жұмыс орнынан басқа жерде кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалардан ақшалай немесе заттай нысанда табыс алушы жеке тұлғалардың табысы айлық есептік көрсеткіштің белгіленген мөлшердегі сомасына азайтылмайды.
Тұрақты мекемемен байланысты емес бейрезидент жеке тұлғалардың Қазақстандағы көздерден алынған табыстардан жоғарыда көрсетілген шегерістерге құқығы жоқ.
Жеке тұлғаның салық салынатын табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
10еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
Салық салынатын табыс сомасының 5 проценті
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 20 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 10 проценті
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 30еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
20 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 15 проценті
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
30 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 20 проценті
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 50 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін
40 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 30 проценті
50 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан жоғары
50 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін соманың 40 проценті

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *