Біздің қанатты достарымыз

Саршұнақ, аламан, дала тышқаны және толып жатқан зиянды бунақденелілерді құртуда қанатты достардың жәрдемі зор. Олар құладын, жапалақ, күйкентай, бөктергі, қырғи, ителгі, т.б. Мысалы, бір ұядағы жапалақтар күніне 20-30 ұсақ кемірушілерді жейді. Ал күйкентайлар (бес балапанымен) жаз бойы 100 саршұнақ және мыңдаған кемірушілерді құртады. Үйілген шөптердің немесе шөмелелердің үстінде қозғалмай тышқандар мен саршұнақтарды аңдып отырған жыртқыш құстарды жиі көруге болады. Шөп шабылғаннан кейін кемірушілерге жыртқыштардың тырнағынан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан жыртқыш құстарды өлтірмей, үркітпей, олардың белгілі бір жерлерге үйір болуына қамқорлық жасаңдар. Жыртқыш құстар бізге егінімізді, бау – бақшамызды зиянкестерден сақтап, үлкен пайда келтіреді.

Жыртқыш құстар республикамыздың барлық жеріне таралған. Олардың орман, өзендер – көлдер маңынан, шөлді және таулы жерлерден кездестіруге болады. Жыртқыш құстардың адамға тигізген пайдасы мұнымен шектелмейді. Жем аулағанда, олар ең алдымен әлсіз, ауруларын ұстап жеп, түрлі санитарлық қызмет те атқарады. Құстар – біздің өте пайдалы досымыз. Сондықтан құстарға үнемі қамқорлық көрсетіңдер. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаратын сотқар балаларға жол беруге болмайды. Қайта оларға істерінің теріс екенін түсіндіріп, қанатты достарды қадірлей білуге баулу әрбір мектеп оқушысының негізгі міндеті деп білуіміз қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *