Көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады. Біз осындай тауарларды жалпы ұлттық өнім есебінде қалай есептеуіміз керек? Айталық фермер бірнеше кг етті Мак Дональдс фирмасна 0,50 долларға сатады. Содан кейін Мак Дональдс елге 1,50 долл. тұратын гамбургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ ді есептегенде, еттің және гамбургердің бағасы 2 долл. көлемінде деп есептеу керек пе немесе тек гамбургер 1,50 долл. деп алу керек пе?
ЖҰӨ — ге тек соңгы өнімнің бағасы ғана кіреді. Сондықтан гамбургердің бағасы ЖҰӨ — ң бөлігі болып табылыды, ал еттің бағасы енгізілмейді. ЖҰӨ тек 1,5 долл – ға көтеріледі. Мұның себебі, аралық өнімнің бағасы соңғы өнімнің бағасына кігізіліп қойылған. Фирманың қосымша қосқан құны өндірілген өнімнің құнының фирманың аралық өнімге, өзі жасаған құнынан алып тастағандағы айырмасына тең. Гамбургермен байланысты жағдайда фермер қосқан құн 50 центке тең (бұл жағдайда фермер аралық өнімді иемденбейді, ал Мак Дональдстің қосқан құны (1,50 – 0,50 долл.), яғни 1,00 долл. –ға тең. Жалпы қосылған құн 0,50 долл. +1,00 долл.,яғни 1,50 долл. тең болады. Экономика үшін жалпы қосымша құн сомасы барлық соңғы өнімдердің бағасы мен қызметтердің нарықтағы құнына тең болуы керек. Сондықтан ЖҰӨ ді барлық фирмалардың қосымша құнының сомасы ретінде қарауға болады.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ де нарықтағы бағалармен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осыкөрсетілген қызмет құны ЖҰӨ ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар , мысалы, тұрғылықты ортада өызмет бағасыретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етедіьв үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепеті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет себебі үшін, ЖҰӨ нің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелген құн өлшемін ЖҰӨ ге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады.