ою-өрнек

орнамент (лат. огnаmеntum– әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй–іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару–жарақ), архит.  ғимараттарды әшекейлеуге арналган жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек–нақыштар. Қазақстан аумағында О–ө–тің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көзе әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер «жал», нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ұлттық О. ө. көбіне өзіне тән белгілерінін жүйелерін қазақ халқының калыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлык архит. ғимараттардағы көгеріс және геом. О.–ө–терден (Бабажы қатын күмбезі. X–XI ғ., Айша–Бибі кесенесі, XI–XII ғ., Ахмет Ясауи кесе–несі, XIII–XIV ғ., т.б.) айқын көрінеді. О. ө. дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім–кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті. Қазақ О. ө–нің негізгі түрлері: геом., зооморфтық пен көгеріс және қиял–ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінін белгісі). Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс тандай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақгы, т.б. О.–ө–тің геом. элементтері шаршы, ромбы, жүлдызша түрінде), сондай–ақ, көгеріс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс–аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылык қару–құралдарында сақталып қалды. Халық О. ө–гінің сан алуан түрлері әйел әшекейлерінде (сакина, сырға, бойтұмар, білезік) кездеседі. Ал сәулет өнерінде зооморфтық пен көгеріс өрнектері (сыңар мүйіз, құсмойын, түлкі бас, арқар мүйіз, т.б.) басым болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *