Үй
Үй құлайын деп тұрса – адамдарды жақтырмау. Мазасыз
Үй алыстан көрініп тұрса – адамның көпшіліктен оқшауланып жүруі.
Үй жақын салынса – ашық, қонақжай.
Үйдің проектісі ғана салынса — өте даушыл позицияны білдіреді.
Үйдің артқы қабырғасын салса — өзін бақылауда ұстағанды, өте сақ жүргенді қалайды.
Қабырғасынан бәрі көрініп салынса – жағдайына бір себептердің әсер етуі
Егер қабырғаға баспалдақ салынып, есігі көрінбесе – ешкіммен қарым – қатынасқа түспеу, дау – дамайдан қашу.
Егер есік жабық болып, құлып тұрса – тұйық болғанды қалайды.
Егер есік жоқ болса — өзін өзгелермен қарым – қатынаста ашық болуда қиналу.
Есік қырынан салынса немесе көрінбесе – ешкімге қосылмау, қашқақтау.
Егер есік ашық болса – ашық адам.
Есіктерін үлкен етіп салса — өзінің әлеуметтік жағдайын өзгелерге паш еткенді ұнатады.
Есігі кішкентай болса — өзінің жанын ешкімге ақтарғысы келмейді.
Есіктің алды безендірілсе – басқалардан алшақ , қорғанып жүргенді қалайды.
Үлкен құлып салынса – сенгіш, тұйық, қорғаныш тенденциясының бар екендігін көрсетеді.
Мұржадан түтін шығып жатса – ішкі жан дүниесінде қысымның болғаны.
Мұржа болмаса немесе түтінін сирек етіп салса – үйде жылудың жеткіліксіздігі.
Мұржа жасырылып, тек төбесі ғана көрініп тұрса — өз эмоциясын жасыруға тырысады.
Көп қабаттағы үйдің тек 1-ші қабатына ғана терезе салса – адамдардан қашқақтау.
Терезе ашық болса – мінезі тік.
Терезесі көп болса – байланысқа бейім адам.
Терезе пердесінің жоқтығы — өзінің ішкі сезімдерін жасырмауға тырысады.
Терезенің әйнегі салынбаса – адамдармен жауласуды білдіреді.
Шатырдың сызығы қалың болып сызылса – фантазияға берілгіш.
Шатырдың сызығы жіңішке болса – қиялдай білмейді.
Шатыр үйдің формасына сай келмесе – ұйымдастырушылық қабілеті төмен.
Шатырдың су ағатын темірі болса – қорғаныш белгісін білдіреді.
Бөлмелер салынса – сол бөлме иесінің адамға ықпалы зор екенін білдіреді.
Ванна – салынса – судың мол болғанын қалайсыз.
Күн салса – беделді тұлға екендігін білдіреді.
Ағаш
Егер ағаш өте үлкен болып салынса – қарым – қатынасқа бейімділікті білдіреді.
Ағаштың тамыры үлкен болса – бәрін білуге деген қызығушылығы басым.
Тамыры сабағына қарағанда жіңішке болса – тұйықтық.
Жапырақтары дөңгеленіп салынса – эмоцияға берілгіш.
Бұтақтары төмен қаратылып салынса- қысымнан қашқақтау.
Бұтақтары жоғары қарай салынса – басшылыққа ұмтылу.
Бұтақтары әртүрлі бағытта салынса – шыдамсыздықты, ізденіс кезінде күйгелектікті білдіреді.
Адам
Адамның мойынын тек сызып қана көрсетсе – қорғануды білдіреді.
Ірі мойын салынса – жауапкершілікті сезіне білу.
Жіңішке ұзын мойын – қысылу, тосылу.
Қысқа, толық мойын — өз әлсіздігіне, тілегіне қарсы тұра алмау.
Өте ірі иықтар — өз бойындағы улкен күшті сезіну, әрі басшылыққа ұмтылу.
Кіші иықтар – қабылдауының, түйсінуінің төмендігі.
Үшбұрышты иықтар — өте сақ жүретін адамдар.
Кеуде мен бөксенің аралығы квадрат пішінінде салынса – ержүректілікті білдіреді.
Өте ірі болса – қанағаттанбаушылық сезімі басымдау.
Кішкентай болса — өзін бағалауы төмен, өзін — өзі көрсете алмайды.
Бетінде мұрын, ауыз, көз, құлақ түгел салынса – шынайылықты білдіреді.
Беті айқын көрініп тұрса – басқалармен қарым – қатынаста өзінің сыртқы келбетіне аса мән береді.
Беті айқын емес, өңсіз болып салынса – қорқақтық, ұяңдықты білдіреді.
Беті маскаға ұқсатылып салынса – тұйықтық, сақтық, оқшаулануды білдіреді.
Ер адамның бетіндегі ерні толық болып салынса – нәзіктілікті білдіреді.
Клоунның аузы салынса – жасанды күліп, жасанды сөйлейтін, амалсыздан езу тартатын адамдар.
Аузын кішкентай, жіп – жіңішке болса — көпшілік алдында сөйлеуге қысылатын, көп сөйлемейтін адам.
Иек айқын салынса – көпшіліктің ортасында жүргенді қажетсінеді.
Иек үлкен болып салынса — әлсіздік пен сенімсіздікті білдіреді.
Құлағы үлкен болса – сынды сезгіш адам.
Құлағы кішкентай болса — өзіне бағытталған сынды естігісі де, қабылдағысы да келмейді.
Көзі жабық болса немесе шляпаның астына салса – жағымсыз әсерлерден қашқақтау.
Көздің тек сыртқы жағы ғана салынса – ешнәрсені көзіне ілгісі келмейді.
Көзі сыртқа қарай шығарылып салынса – дөрекілікті, пасықтықты білдіреді.
Кішкентай көздер — өз бетінше жүретін адам.
Ұзын кірпік салынса – майысқақ, сызылғыш, өзін көрсетуге ұмтылады.
Қас қысқа, сирек етіп салынса – жек көрушілік қасиетке ие.
Мұрыны қыры бар болып салынса – ұнамсыз нәрселерді кейде айтып қою, дөрекі қалжың.
Мұрынының тесігі салынса – қарапайым агрессия.
Тісі айқын көрінсе – ашық агресиия.
Шашты әдемі етіп салса – адамның тездетіп есеюге деген ұмтылысын білдіреді.
Штрихталған шаш – ойлау мен қиялдың арасындағы алшақтықты білдіреді.
Шашы штрихталған бірақ боялмаған болса – кекшіл.
Қолы кең, саусақтары үлкен, аралары ашылып салынса — әрекетте жылдамдығын білдіреді.
Егер екі қолы екі жаққа созылып салынса -өзінің шектен шығып кеткен кейбір әрекеттерін өзі байқай алады.
Қол кеудеде айқасып салынса – жауласу және сенгіштікті білдіреді.
Қол арқаға жасырынып салынса – бір нәрсеге келіспейтінін бірден айтады.
Қолы ұзын, бұлшықетін көрсетіп салса – физикалық күшті, батылдықты, айлакерлікті қажет етеді.
Қолды денеге жақын, қысып салса – икемсіздік.
Қолы өте қысқа болса – қысымның бар екенін білдіреді.
Қолдың жоқтығы – интеллектуалды сезімінің дамымауы.
Қол мен аяқтың сол шетке салынуы – даушыл.
Қол мен аяғы үлкен болып салынса – дөрекілікті білдіреді.
Қол мен аяғы өте жіңішке болып салынса — әйелдік нәзіктілікті білдіреді.
Егер қолы шектен тыс ұзын болса – бірдеңеге жетуге, басқаруға ұмтылу.
Қолы әлсіз әрі ұзын болып салынса – біреуге тәуелділік, батылсыздық, бұл адамдар әрдайым біреудің қолпаштап, көтермелеп жүргенін қалайды.
Қол бір затты ұстауға ығайлы ,ашық етіп салынса – сүйіспеншілікке ұмтылу.
Қол екі жаққа жайылып салынса — әлеуметтік қатынаста қиындықты, агрессиялық қорқынышты білдіреді.
Қолы күшті болып салынса – агрессисының, физикалық кұшінің күштілігіне сену.
Қолдың жұмылып дөңгеленіп салынуы (перчатка сияқты) — өз агрессиясын ысыруға бейімділік.
Қолдың қалтаға салынғаны бейнеленсе — өзіне деген сенімсіздік.
Қолдың сызықтары айқын салынбаса — әлеуметтік қатынастаөзіне деген сенімділіктің жетіспеушілігін білдіреді.
Әйел фигурасында қол салынбаса – ана тұлғасын жақсы көрмейтіндігін, алшақтығын білдіреді.
Саусақ саны бесеуден артық болса – агрессияны білдіреді.
Саусақ саны бесеуден аз болса — әлсіздік, тәуелділік.
Жұдырығы түйілген қол – қарама – қайшылық.
Жұдырық жоғары қарай салынса – ашық протесті білдіреді.
Ірі әрі үлкен саусақтар – адамның бойында жауласуға деген бейімділік бар.
Аяғы өте қысқа болып салынса – физикалық және психологиялық икемсіздікті сезіну.
Аяқ денеден ұзын болып салынса – тәуелсіздікке ұмтылу, оны қажет ету.
Сурет аяқтан бастап салынса – қорқақтықты білдіреді.
Табан айқын салынбаса – ұялшақтық.
Екі аяқ бір – бірінен алшақ салынса – ашық жақтырмаушылық.
Аяқтың бірі ұзын, бірі қысқа болса – тәуелсіздікке кейде ғана ұмтылады.
Адамның теріс қарап тұрғанын салса – тұйықтыққа бейімділікті білдіреді.
Қырынан тұрғаны салынса — әлеуметтік қоршаған ортамен қарым – қатынасты қажет етуден туған үрейді білдіреді.
Столдың шетінде отырған адамды салса – жағдайдан шығуды қажет ететін, бойында жалғыздықтан қорқу бар.
Адамды жеңіл қозғалыс үстіндегі күйінде салса – жақсы адам екенін білдіреді.
Қуыршақ тұрғысынан салынса – ортаға икемді, ақкөңіл, көнгіш адам.
Суреттің орналасуы бойынша
Өзін үлкен етіп және жоғары жағына салса — өзін жақсы көреді, өзін бағалауы жоғары.
Кішкентай қылып әрі төменге салса — өзін — өзі бағалауы төмен.
Суретті қағаздың оң жағына қарай салса — өмірге деген тартымдылығ төмен.
Суретті қағаздың сол жағына қарай салса — өмірді сүйетін адамдар.