Құрт – қазақтың қызығып жейтін жеңсік асының бірі. Әбден бір себеппен ат басын соға кеткен сәлімші – жолаушыға немесе асығыс қонаққа шыныаяққа салып құрт, май қойсаңыз, жеңіл – желпі ас – су бергеннен кем түспейді. Құрт өңін өзгертпей, ұзақ сақталатын, әрдайым даяр ас. Құрт қайнату үшін алдымен ашыған айранды жинайды. Оны қазанға құйып қайнатады. Бір қайнағаннан кейін отын сөндіріп қояды. Қазандағы айран суыған кезде, оны таза қапқа құйып аузын жіппен байлап жоғары іліп қояды. Бір тәуліктен соң дәмін кептіріп, тұзбен араластырады да қолмен сығып құрт жасайды. Содан соң шыптаға жайып кептіреді. Құрт ұзақ сапар шеккен әсіресе, түнделете жолға шыққан автокөлік жүргізушілері мен машинистерге ұйқы қысқа сәтте таптырмайтын тағам.