Кессе қан шықпайтын сараңдығымен әйгілі қала әмірі Насреддинге:
- Сенің тамаша аңшы екеніңдң естіп едім. Маған бір жүйрік тазы тауып берші, — деп өтініш айтты.
Насреддин уәдесін беріп, бірнеше күннен кейін семіздіктен түгі жылтыраған дүр төбетті жетектеп келді. Әмір таңқалып:
- Мен жіптіктей болып жараған құмай тазы сұраған едім. Мына майтабан доңыздай домаланған жүнді барағыңды не істеймін?! – деді.
- Саспаңыз, тақсыр, — деді Насреддин, — бұл төбет сіздің үйде бір апта жүре тұрса, жаратпай – ақ тазы сияқты жіптіктей болып қалар ….