Мейірімді қыз

Бірде колхоз кеңсесіне келе жатып, көшеден ойыншық тауып алдым. Қуыршақты көк тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп құнтитып қойыпты. «Бір балақай ойнап жүріп ұмытып кетті – ау!» — деп жан – жағыма алақтай қарадым. Көшенің оң қапталында қызыл қақпадан төрт – бестер шамасындағы қыз бала жүгіріп шыға келді. Е, қуыршақ осы баланікі болды.. Мен солай қарай жүрдім. Дөңгеленте қиған қара шашы желбіреп, топ – томпақ қара қыз алдымнан шықты.

  • Жөндеп көтермейсіз бе? – деді қарсы келген бетте бұртия тіл қатып.
  • Не дедің?
  • Бөпеңнің қолы сынады, — деп ол менің қолымдағы қуыршаққа жармасты.

Сонда барып  байқадым… Қуыршақты қолынан салбырата ұстап келеді екенмін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *