Күндердің бірінде шаруа бір шалды көреді. Ол өзеннің арғы жағында, әуреге түсіп, біпр нәрсе егіп жүр екен.
- Атай, егіп жүргенің не?- деп дауыстайды шаруа бергі жатқан.
Шал қанжылыңқырап:
— Мұнда кел, айтайын,- дейді. «Мұнда не сыр бап?» деп таңырқайды шаруа. Не де болса білгісі келеді. Әзер дегенде өзеннен өтіп, шалға келеді. Сонда шал құлағына сыбырлап:
— Биыл жеріме бұршақ егіп жүрмін, дейді.
— Болғаны сол ма, мен ар жақта тұрғанда- ақ дауыстап неге айта салмадыңыз?
— Қарағым- ау, саған не болған? Дауыстауға бола ма, кептер естіп қойса, бұршақты жеп кетеді ғой,- деген екен шал.