Насрединнің мүйізі найзадай адуын өгізі бар еді. Оның мойны қамыттан босамайтын, күндіз –түні жұмысқа жегілетін. Насреддин көптен бері өгіздің мүйіздерінің арасына отырып көругеқұмартып жүретін. Бір күні егістіктен келе жатса, үйдің көлеңкесінде өгіздің күйіс қайрып, мүлгіп жатқанын көрді. Қуанып кеткен Насреддин жүгіріп барып өгіздің басына мініп алды. Байқап жатқан өгіз орнынан ұшып тұрып, аталақтаған күйі басын шайқап- шайқап жіберді. Насреддин жел ұшырған тулақтай ұшып барып жерге топ ете қалды. Тапыр- тұпыр дыбысты естіп, жүгіріп шыққан әйелі басы жарылып, талып жатқан күйеуін көрді де сыңсып қоя берді. Сол кезде Насреддин есін жиып:
- Бекерге жылама. Аздап жарақат алғаным рас, бірақ көптен ойда жүрген бір шаруаны
бітірдім,- деді әйелін жұбатып.