Балталы қорқақ

Баяғыда Жәдігер дейтін балташы өтіпті. Ағаштан түйме түйетін ісмер болса керек. Бірақ жанның қорқағы етеді. Бір күні үйіне келсе кішкентайы шыр – шыр етеді. Сөйтсе, ұзындығы сала құлаштай, жуандығы білектей сары жылан баласының мойнына оралып жатыр екен. 

Шошынған Жәдігер бақырып жіберіпті. Адамның иісін сезіп қойған жылан Жәдігерге атылыпты. Белінде алмастай өткір балтасы болса да, ол байғұс тұра қашыпты. Жылан қалмай, Жідігерді сай – саламен қуыпты. Сол кезде қарағай арасынан шөпшек теріп келе жатқан әйелі қарсы шығыпты. Мұндай жақсы болар ма. Жәдігер әйелінің артына тығылады. Әйелі үйге кеп, жуан таяқты алып, жыланды соғып өлтіріпті. Бірақ, не керек, әбден қорыққан жәдігердің жүрегі жарылып кетіпті. Сәл ғана жүрек тоқтатса, жыланды балтамен бір – ақ шаппас па еді? Сөйтіп, Жәдігердің қорқақтығы өзіне мірдің оғындай боп тиген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *