Қымыз ерте заманнан тек қазақ халқында ғана емес, сонымен бірге түркі, монғол тектес халықтардың көбінде бар. Ол бұрыннан ауруға ем, сауға қуат боларлықтай шипалы сусын, киелі тағам болып есептелінеді. Сондықтан да, қымызды, жалпы ағарғанды жерге төкпейді. Тек амалсыз жағдайда ғана отқа, ошаққа «біссіміллә» айтып құяды. Міне, қазір нағыз бие байлар, сабаға қымыз ашытатын жан болса, қымыздың көптеген түрлері болады.