дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып–білуге шоғырланған әрі бағытталған адамның ой–санасы мен ниетінің ерекше көрінісі және қызметі. Қ–тың табиғаты күрделі, көрінісі алуан. Қ. көңіл тартатын нәрсеге құмарта Қ.–пен қараушылық, танымдық қабілетті меңгеруге, жұмысқа деген шығармашылыққа зейін аударушылық. Қ. заттардың тартымдылығынан тікелей туындайды, ал әрекеттің түп нәтижесін көксеушілікте жанама Қ. артады. Қажеттілікті ұққан адамның құндылыққа және тәрбиеге деген Қ–ғы тұрақты, терең, жан–жақты, ал затқа жалаң, жалпы, өтпелі түсінікпен қарағандарда Қ. өте таяз, тар, құбылмалы келеді. Осыдан адамның іс–әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат–мүддесіне байланысты Қ–тары аумалы–төкпелі болады. Бірақ адамның еңбекке, тәлім–тәрбиеге деген Қ–тың басым болуы қажет. Адамның дамуына байланысты Қ. мән–мағынасы жетіледі, бір–бірімен үйлеседі. Адамдық құндылыққа деген Қ.ы. тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс–әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады. Осыдан Қ–қа ықпал ету, оны тәрбиелеу қоғамда практикалық маңызы зор мәселе. Іс–әрекеттің шығарм. жағын жетілдіру бүгінгі жастар арасында үлкен Қ. тудыруда. Тәрбиеде, оқу процесіне жаңа, өтімді тәсіл–құралдарды ендірудің маңызы да, нәтижесі де артуда. Адам сапасына деген Қ. алдыңғы шепке шығуда. Қ. өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, танымдық, эстетик. т.б.болып сараланады.