ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ӨНЕРІНІҢ КҮНДЕРІ, АПТАЛЫҒЫ МЕН ОНКҮНДІКТЕРІ

әдебиет пен өнер саласындағы жетістікті көрсететін мәдени–көркем шаралар. Қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі 1936 ж. Мәскеу қ–нда өтті. Онкүндік кезінде Қазақ муз. театры (қазіргі акад. опера жөне балет театры) Е.Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» операларын, А.Жұбанов басқарған Қазақ ұлт аспаптар оркестрі бірнеше кон–церттер қойды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 2–онкүндігі 1958 ж. өтті. Бүл онкүндікте Қазақ акад. опера және балет театры М.Төлебаевтың «Біржан – Сара»,  Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операларын, Н.Тілендиев, Л.Б. Степанов жөне Е.В. Манаевтың «Достық жолмен», Б.В. Астафьевтің «Бақшасарай фонтаны» атты балеттерін, Қазак акад. драма театры М.Әуезовтің «Еңлік – Кебе–гін», С.Мұқановтың  «Шоқан Уәлихановын», Ғ.Мүсіреповтің «Ақын трагедиясын», Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емесін», У.Шекспирдің «Асауға тұсауын»; Орыс акад. драма театры Н.И. Ановтың «Мұрагерлерін», т.б. спектакльдерін қойды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *