ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ

қолданбалы–безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан – қару–жарақ, құрал–сайман, үй жиһазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен катар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте заманнан бері дамыған. Қарағанды обл–нда Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з.б. X–VIII ғғ.), атақты Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з.б. II ғ. мен б.з. II ғ.), т.б. көне дүниелер – шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша–бибі, Ахмет Ясауи кесенелерінен, Бабажы қатын күмбезінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан ою–өрнек  түрлері кездеседі,салынған үй жиһазын, ыдыс–аяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол көгеріс геом.шеберлер өрнек түрлерін пайдаланған. Әшекейлер салу, кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалды. Алматы обл–ның Есік обасынан табылған (б.з.б. VI –V ғ.) сақ жауынгерінін киімі («Алтын адам») алтын қаптырмалармен және хайуандардың құйма бейнесімен безендірілді. Сауда–саттықтың дамуына, қалалардың өркендеуіне байланысты қолөнердің кейбір дәстүрлі түрлері (теріні, сүйекті, ағашты, кейбір металдың түрлерін көркем өңдеу) қолданудан шығып қалды. Алайда матадан, киізден жасалған тұс кілемдер, басқұрлар, түскиіздер, т.б. киіз үйдің сәндік жасаулары бұрынғыша дами берді. XX ғ–дың басында Қ. қ–не деген сұраныстың артуы (көркемдік кәсіпкерліктің құрылуы, Қазақстан қөлөнерінің респ. мұражайының ашылуы, қолданбалы өнер бұйымдарын жинау мен насихаттаудың жақсаруы) оның дамуына зор ықпал етті. Қ– қ–нің бұл түрінен талантты ісмерлер Л.Қожықова, З.Ахметжанова, Г.Зәуірбекова, Қ.Ыстыбаева, Н.Тайманова, М.Есілбаева, т.б. жасаған бұйымдар ерекше көзге түседі. 1970 жылдары Қ. қ. саласының кәсіби деңгейі артты. 1973 ж. Алматы көркемсурет уч–щесінен қолөнер бөлімі ашылды. 1978 ж. Алматы театр–көркемсурет ин–тынан (қазіргі өнер академиясы) сән және қолданбалы өнер кафедрасы кұрылды. Сондай–ақ «Өнер» комб–ның жанынан сән және қол–өнер бұйымдарын шығаратын цехтар,. кәсіптік қолданбалы өнер бұйымдарын шығаратын цехтар, ұйымдастырылды. Кәсіптік қолданбалы өнер са–ласында ұлттық дәстүр мен соңғы тех., стильдік жаңалықтар бірдей тоғысатын гобелен жетекші рөл атқарды. Қазақстандағы гобеленнің калыптасуына Қ. Тыныбеков үлкен ықпал етті. Оның сюжетті гобе–лендері («Шопан» 1969; «Дала әуендері», 1970; «Отбасы», 1972;) айқын бейнеленген ірі суреттерімен, әр түрлі бояулардың өзара берік үйлесуімен және ішкі қуатымен ерекшеленеді.

70–жылдардағы көптеген зергерлік бұйымдар бұрынғы халық қолөнерінің тікелей көшірмесі іспеттес болды. 80–жылдары зергерлік өнерге келіп қосылған шеберлердің жас буыны Қ. қ–н еркін игеріп, ілгері жалғастырды. Республикада И.К. Брякин, Ғ.Жалмұқанов, Л.В. Шкляев, Т.Л. Савченко, Г.П. Иванов, К.Бекайдаров, Т.Қаратаев, Д.Сейдуалиев, т.б. қолөнершілер дәстүр–лі және жаңа тех. тәсілдерді пайдалана отырып, әшекейлік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасады. Ағаш пен теріні көркем өңдеумен Н.Нәлібаев, Ж.Үмбетов, Д.Шоқпарұлы, Қ.Малаев, Т.Нұрғожаев, т.б. шұғылданып, жемісті еңбек етті. Үмбетов пен Шоқпарұлы жасаған муз. аспаптар ерекше құнды болды. Соңғы онжылдық ішінде Қ. к– шеберлерінің «Үкілі – домбыра», «Дизайн – кеше, бүгін, ертең», «Зергер–99», декоративті–қолданбалы өнер мен дизайн көрмелері ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *