ұлттык сахналык өнер саласы. Қазақ кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығарм–ғына (әнші, ақындар айтысы, шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет–ғұрып пен тұрмыс–салтқа (беташар, бәдік, жар–жар, жоқтау, коштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын–сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр–судыр) пен Алдаркөсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. XVIII және XIX ғ–да қулар мен «шаншарлар» өнері халық арасына кең тарады. Қу немесе қуақылар өз өнерлерін дәстүрлі мереке–жиындарда, той–тамашаларда, шілдехана мен жәрмеңкелерде, халық думандарында көрсетіп отырған.Олар сараңдық, екіжүзділік, жалқаулық секілді жат мінездерді мысқылдап аяусыз ажуалап отырды. Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды. Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы XIX ғ–дың 2–жартысынан басталады. 1859 ж. Оралда, 1869 ж. Орынборда, 1875 ж. Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 ж. Семей қаласында «Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы» ұйымдастырылды. Алғашқы драм. шығармаларда Г.Д. Гребенщиков «Жақсы жігіт» пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, Н.П. Анненкова–Бернар ұлттык дастан негізінде 1908 ж. «Бекет» атты драма жазып, кейін оны сахнаға шығарды. 1911–12 ж. Шымкент, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола (Астана), Қостанай, Петропавл, Орал мен Семей қалаларында ойын–сауық үйірмелері ұйымдаса бастады. 1913 – 14 жж. Семейде қазақ мұғалімдері мен оқушы–жастар бірлесіп, «шығыс кештері» деген атпен ойын–сауық кештерін ұйымдастырды. Ұлттық театр өнері тарихында мәні зор ойын–сауықтар қатарында: Абайдын кайтыс болғанына он жыл толуына арналған әдеби, этногр.–муз. Кеш (1914), «Біржан – Сара айтысы» (1915, екеуі де Семейде) және «Қазақша қыз ұзатудың» (1915, Атбасарда) сахнаға лайықталған нұсқасын атауға болады. Осы жылдары ұлттық драматургияның алғашқы туындылары жазылып, баспа бетін көрді әрі оның бірқатары әуесқойлар күшімен сахнада қойылды. Б.Серкебаев («Бақсы», «Ғазиза», т.б.) пен И.Мендіханов («Малдыбай», бәрі де 1912) тұңғыш пьесалар жазды. 1917 ж. маусым айында Ойқұдык жайлауында (қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд.) М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясы алғаш рет қойылып, оған автордың өзі жетекшілік етті. 1918–24 ж. Ақмолада (қазіргі Астанада), Әулиеатада, Көкшетауда, Орынборда, Ташкентте, Түркістанда және Шымкентте көптеген қазақ драм. үйірмелері ұйымдастырылып, Ж.Аймауытовтың, Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерданаевтың, Қ.Кемеңгеровтьң, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннін, Серкебаевтың драм. шығармалары сахнаға шығарылды. 1925 ж. Қызылорда қ–нда тұңғыш кәсіби ұлт театрының ұйымдастырылуы Қазақстанның мәдени тарихында мәні зор оқиғаға айналды. 1928 ж. Қазақ драма театры республиканың жаңа астанасы Алматыға көшіп келді. Әсіресе осы кезеңдегі Қ. т. өнерінің қалыптасуы жолында Әуезов драматургиясы мен Шаниннің реж. қызметінің мәні зор болды. Әуезовтің «Қарагөз», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Абай», «Айман – Шолпан», «Түнгі сарын», т.б. драм. шығармалары театр репертуарын жандандыра түсті. 30–жылдардың бас кезінде Алматыда (1927 – 28), Риддерде (1930– 33) және Қарағандыда (1932 – 34) Жұмысшы жастар театры құрылды. Бұларды ұйымдастыруға К,.Бадыров, К.Қармысов, С.Телғараев, т.б. көп еңбек сіңірді. Соғыс жылдары Қазакстанға келген Ю.А. Завадский, В.П. Марецкая, Н.Д. Мордвинов, Н.И. Сац, Н.М. Ужвий, Г.П. Юра, т.б. көрнекті театр қайраткерлерімен қазақ өнер шеберлерінің өзара шығарм. қызметі сахналық шеберліктің кемелденіп өсуіне, жалпы рухани мәдениеттің дамуына игі ықпал етті.