ғылымизерттеу мекемесі. 1998 ж. 24 наурызда құрылды. 1934 – 36 жж. жұмыс істеген «Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми–зерттеу институтының» заңды мұрагері. Ин–т қызметінің негізгі бағыттары – мәдениет және өнер мекемелерінің мемл. жүйесін жетілдіру жөнінде зерттеулер жүргізіп, түсіндірмелер жасау, Қазақстанның әлеум. мәдени дамуын басқаруды ғыл. тұрғыдан қамтамасыз ету, мәдениет пен өнер саласына байланысты ақпарат дайындау және жариялау. Оның құрамында: өнертану, мәдениет теориясы мен тарихы, талдау және әлеум. мәдени зерттеулер, редакциялық–баспа бөлімдері бар. Ин–т «Қазақстан республикасы мәдениетінің даму тұжырымдамасы» жобасын, сондай–ақ, «Ауыл мәдениетін сақтау, жаңғырту және дамыту түжырымдамалары» жобасын әзірледі, обл. мәдениет орталықтары директорларының қатысуымен «Ауыл мәдениетін дамыту жоне ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануының қазіргі жай–күйі», «Халық шығармашылығы – ауыл мәдениетінің рухани қайнар көзі» атты тақырыптарда семинарлар өткізді, қазақ халқының тарихи, мәдениет ескерткіштерін зерттеу және оларға қатысты материалдар жинау жөнінде экспедициялар ұйымдастырды. Ғыл.–зерт. жұмыстарының нәтижелері «Мәдениет және өнертану ғылыми–зерттеу инс–титутының хабаршысы, Вестник КазНИИКИ» ғыл.–көпшілік, мәдени–талдамалық, ақпараттық журналдарына жарияланып отырған.