ҚАЗАҚ КІЛЕМІ

қазақы кілем – ұлттық үй жиһазы. Кілем–нің қазақтар тұрмысында көп тұтылатын түрлері тоқылу ерекшелігіне (түкті, тықыр, барақ), өндірілген орнына (Алматы кілемі), тоқылған материалына (жібек, масаты, қалы), рулық үлгілеріне (адай кілемі, қоңырат кілемі, керей кілемі, найман үлгі), ою–өрнегі мен түріне (кос, үш, бес гүлді кілем), қосалқы белгілеріне (шашақты кілем, шашақсыз, ақалы) қарай бөлінеді. Қазба жұмыстары арқылы белгілі болған байырғы сақ, ғұн, үйсін кілемдерінің токылуы, көркемделу тәсілдері мен негізгі пайдаланған ою–өрнектері Қ. к. үлгілерімен ұксас. Ою–өрнектердің көптеген түрлері (қошқар мүйіз, т.б.) негізгі бітімін сақтап әлі күнге дейін қолданып келеді. Қазақстанның оңт. облыстары мен Арқада түкті, тықыр, араб кілем тоқу, Семей обл–нда кілем кестелеу дамыған. Қ. к–нің түкті және тықыр түрлерінде негізгі үлкен гүлдері «күмбез», жиектеріндегі текшелі өрнектері «қорған» деп аталып, оны қуалай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі. Бүл зәулім күмбезді, тас қамалды қорғанның сыртын қуалай су жүргізілген қаланы тұспалдап бейнелеуден шыққан. Кейде ортаңғы гүл–күмбездердің орнына «түлкі ілген бүркіт», басқа да жан–жануарлар, табиғат көрінісі, т.б. бейнеленеді. Геом. өрнектер өте басым, ішінара көгеніс өрнектер қолданылады. Түксіз Қ. к–дерін тоқылуына қарай бірнеше түрге бөледі. Ең көп тараған түрі – арабы К–дер. Сондай–ақ, тақта кілем, шаршы кілем деген түрлері бар. Қазақ тұрмысында масаты кілем, жібек кілем, тықыр кілем, қалы кілем, қара кілем,  терме кілем, түркімен кілем, парсы кілем, алаша кілем, шешенгүл кілем, жолақ кілем, шатыргүл кілем, мәскеугүл кілем, мақпал кілем, караман кілем, талас кілемі, ақтаңлақ кілем, т.б. түрлері көп тараған. Қазакстанда токылатын кілемдердің түрлері де, атаулары да өте көп, көне заман деректерінде де олар осы күнгі атаулармен аталған. Әрбір кілем өнер туындысы, Қ. к–н тоқу да тақырып аумағының кеңдігімен ерекшеленеді. Жас шеберлер өз кілемдерін «Бақыт кілемі», «Қыз қуу», «Неке қию», «Космос», «Жер серігі» деп атап жүр. Заман–дастар бейнесі, коғам қайраткерлері мен ақын–жазушылардың портреттері де тоқылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *