көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қ. б. ө–нің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып та–былады. Кәсіби Қ. б. ө–нің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф–ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқанның «Потанин», «Тезек төре», (әсіресе, график. суреттері), т.б. портреттік жұмыстарынан кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас–қағым сәтте салған график. долбар суреттері Қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Л. да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр («Аға сұлтан портреті», «Бақсы», «Қазақ музыканттары», «Шығыс ұйғырларының киімі», т.б.). Шоқан Қ. б. ө–нің график. саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме са–ласында да жоғары шеберлікке жеткен («Алатау көрінісі», «Жатақ»). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 ж. ұйымдастырылып, Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мү–сінші А.С. Пономарев сабақ берді. XX ғ–дың 20–30 жылдары Қ. б. ө. шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутилъников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев,т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. 1940 ж. маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І–съезі шығарм. ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40–жылдардың басьнда қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2–дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдарда Қ. б. ө–нің барлық түрі: кескіндеме, мүсін, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер – қазак табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик–суретші О.Таңсықбаев Қ. б. ө–нде ерекше орын алады. 50–жылдардың соңы (К,.Телжанов, М.Кенбаев) Қ. б. ө. жанрлык және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қ. б. ө–нде графика елеулі орын алады. XX ғ–дың 70 – 80–жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80 – 90–жылдары Қ. б. ө. тың ізденіспен, еур. жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын менгерумен ерекшеленді (А. Ақанаев, Ә. Сыдыханов, Е.Мергенов, Д.Әлиев, Е.Төлебаев, Б.Түлкиев, Ж.Аралбаев, т.б.). Одан беріде күнделікті қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп.ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М.Аманжолов, А.Нақысбеков, К.Каметов, Е.Сергебаев, А. Қорғанбаев, Т.Ордабеков, К. Дүзелханов, т.б.). Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабықтақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың касіретті ащы шындығы бейнеленді (Ақанаев, Аманжолов, Ә.Төлебиев, т.б,). Төлепбаев 2002 ж. халықар. С. Дали атынд. Алтын белгіге ие болды.