Ғ.Мүсірепов атынд. Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер т е а т р ы – мәдени–сахналық мекеме. 1944 ж. Алматыда реж. Н.И. Сац пен драматург В.С. Розовтың басшылығымен ұйымдастырылған. Театр қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеді. Алғаш рет қазақ группасы 1947 ж. 2 ақпанда А.Н. Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес», ал орыс группасы 1945 ж. 7 қарашада Е.Шварцтың «Қызыл телпек» (басты рөлдерде Қ. Мамбетова, Т.Жармұхамедовалар ойнады) спектакльдерін қойды. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 ж. 4 шілдеде А.Н. Толстойдың «Алтын кілт» спектаклімен (реж. Сац) ашылды. Жас ұжымның мектеп бағдарламасымен сәйкес алғаш қойған пьесалар мен аңыз–ертегілер инсценировкалары: М.Ақыжанов пен К,.Бадыровтың «Алтын сақасы» 1948, реж. Н.В. Молчанов; 1953, реж. С.Шәріпов. Театр ғимараты 1941 ж. архитекторлар Н.А. Простаков, Т.Бәсеновтің жобасы бойынша ірге көтерген. 1996 – 2000 жж. күрделі жөндеуден өтті. Ғимарат кұрылысының композициялық орт. – 1170 орындық көрермендер залы. Театрдың екі қапталындағы бақтарға М.Әуезов (1967, мүсінші Т. Досмағамбетов) пен Ж. Жабаевтың (1971, мүсінші Х.Наурызбаев, екеуінің де арх. М.Меңдешов) ескерткіштері койылған. Қ. а. ж. б. т. Ленин орденімен марапатталған (1959).