толығымен көшпелі өмір салтына бейімделген болған. Ерлердің киімі көйлек немесе жейдеден және шалбардан тұрған. Бейбіт уақытта жеңіл шыт және тоқыма маталар қолданылған. Ал жаугершілік заманда киім–кешек негізінен былғары мен болат сауыттардан құралған. Қыста қысқа күпілер киген. Өңделген қой немесе қасқыр мен түлкі терісінен, кейде бағалы аң терілерінен (кәмшаттың, бұлғынның) әр түрлі тондар киген. Жазда бастарына тақия немесе киіз қалпақ, қыста – тері мен елтіріден жасалған әр түрі бас киімдер (бөрік, тымақ, малақай, телпек) киген. Аяқ киімдері былғары етік (етік, мәсі), былғары аяқ киім (шарық, қалыш, кебіс). Қыста киіз байпақ және сыртынан биік саптама етік киетін болған. Әйелдердің киімі жасы мен мәртебесіне қарай әр түрлілігімен ерекшеленеді. Көйлектері ұзын, кең етекті болған, олардың астынан сол матадан тігілген шалбарлар (дамбал) киген. Көйлектің сыртынан жүн, сондай–ақ барқыт, қамқа, ши барқыт, жібек жеңсіз камзол мен бешпенттер киетін болған. Сыртқы киімдері кең шапан, ал қыста жеңіл күпі болған. Әйелдердің де, еркектердің де былғары белбеу тағу дәстүрі болған, олар атақты және бай адамдарда алтын және күміс түйіндіктермен және асыл тастармен әшекейленген. Аяқ киімдері биік өкшелі нәзік сахтияннан пішілетін болған. Бас киімдері тақиялар, елтірі жиекті әр түрлі пішімді бас киімдер (бөрік, орамал) болған. Тұрмыстағы әйелдер кимешек киген – ол бетке арналған қимасы бар, басты, кеуде мен арқаны жауып тұратын ақ матадан тігілген жаулық. Кимешектің сыртынан әйелдер (әсіресе егде жастағы) орамалдың бір түрі – жаулық байлайтын болған. Кейде кимешектің орнына арқа мен иықты жауып тұратын үлкен орамал – сұлама орамал пайдаланылған. Көйлектің сыртынан немесе шалбармен бірге жас әйелдер оюмен өрнектеліп кестеленген кең етекті белдемше киген. Жылдың суық кездерінде жылы, барқытпен қапталған шапандар мен қымбат аң терісінен тігілген тондар – ішік киілетін болған. Жалпы ерлердің де, әйелдердің де киімдері алтын және күміс бөлшектерміндетті элементтермен өрнектеліп тігілген, бағалы теріден елтірі компоненттер көптеп қолданылған. Қыздар мен жас әйелдердің киімі бай ұлттық ою–өрнектермен әшекейленген. Әдемі сырттан әкелінген маталар үлкен сұранысқа ие болған. Қ. қалыңдығының киімі ұзын ақ жібек кестелі көйлектен тұрады. Көйлектің сыртынан қою қызыл барқыттан тігілген бешпент тігіледі, сонымен қатар күміс және алтын әшекейлер: алқа, білезік, жүзік пен сақина және т.б. тағатын болған. Көйлек пен бешпент біртұтас ансамбльді құрап, оны үйлену тойына киетін көне бас киім – сәукеле аяқтайды. Биік, конус тәрізді пішінді, барқытпен қапталған ол асыл тастармен, күміс түйіндіктермен, салпыншақ маржан жіптермен және жақтау, шолпылармен безендіріледі. Салпыншақтардың саны бойынша қалыңдықтың мүліктік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі анықталған. Еркектер де шекпен – жүннен тоқылған жадағай киім киетін болған, олар қажет болған жағдайда сырт киім ретінде де қолданылған. Ашық ою–өрнекті кестемен кестеленген сәнді ұзын шапан өнер туындысы болып табылады. Кейде композицияның негізін Күнді бейнелейтін шеңбер түріндегі ірі өрнектер құрайтын болған. Тақия немесе кепеш (кішкене бас киім, тақия) – барлық қазақ ерлері киген киім–екшектің маңызды бөлігі болып табылады. Бас киімнің енді басқа түрі – қасқыр, түлкі немесе қой терісінен тігілетін қатаң қысқы жағдайларда теңдессіз тымақ болып табылады. Тымақ малшылардың ортасында әлі де пайдаланылады және құлақшындардың қалдығы болып табылады. Қазіргі уақытта сәнгерлер дәстүрлі киімдерді немесе олардың жекелеген бөлшектерін күнделікті тұрмысқа енгізу үшін белгілі күш жұмсайды.