Қазақтардың діни наным–сенімдері

мұсылман–суниттер. Исламға дейінгі кезеңде Қазақстанның аумағында Тәңірге – Мәңгі Көкке табынушылық басым болатын. Тәңіршілдік адамзаттың ежелгі монотеистік діндерінің бірі болып табылады. Тәңіршілдіктің көптеген белгілері ежелгі шығыстық табынушылықтармен туыстыққа меңзейді. Тәңірге табынушылық қандай да бір ережелер жинағын қалдырмаған (мысалы, иудейлердің «Ветхий Заветі», христиандардың «Новый Заветі», мұсылмандардың «Құраны» және т.б. сияқты). Жалғыз жазбаша дерек Ұлы Түрік қағанаты кезеңіндегі (V—VIII ғғ.) тастарға руналық жазбамен жазылған батырлық поэмалар–эпитафиялар болып табылады XIV ғасырда, Алтын ордалық Өзбек ханның тұсында ислам империяның мемлекеттік дініне айналды. Соған қарамастан, XIX ғасырдың ортасында Ш.Уәлиханов исламның таралуын және кейбір аймақтардың әлі де тәңіршілдік дәстүрлерді ұстанатындығы жөнінде жазған. Кеңес уақытында атеизм үстем болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін дініи сенім бостандығы Қазақстанда мемлекеттің қолдауына ие бола бастады. Сонымен қатар, дінді секуляризациялау мемлекет идеологиясының бір бөлігі болып табылады. Қ. халқының тұрмысында Қ–дың этносанасы мен менталитетіне ықпал еткен жекелеген ежелгі тәңіршілдік әдет–ғұрыптары мен салт–дәстүрлері – ата–бабалар әруағына, отқа, күнге, жұлдыздарға, көкке және т.б. табыну исламдық дәстүрлерімен трансформацияланған. Қ. номадтық және діни дәстүрлердің ықпалымен дінге ерікті болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *