ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

ғылыми–зерттеу мекемесі немесе ғылыми–зерттеу мекемелерін біріктіретін қоғамдық ұйым. Ғ. а. ұқсас мекемелер б.з.б. IV ғ. бастап болған (Ежелгі Грекияда Платон ұйымдастырған Академия). Ал Еуропада XV – XVI ғасырларда көптеген ғылыми қоғамдарға академия атауы берілген. Қазіргі кезде дүние жүзінің көптеген елдерінде (мысалы, АҚШ, Англия, Италия, Қытай, Франция, Қазақстан, т.б.) ұлттық ғ. а.–лары жұмыс істейді. Ғ. а.–лары әр елде түрліше аталады (мысалы, Ұлыбританиядағы Корольдік қоғам) әрі олардың құрылу принципі, құрылымы, мүше саны, т.б. әр түрлі болып келеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (1993–1996, 1999–2003) ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен («Республиканың ғылымын ұйымдастыруды және ғылыми–техникалық қуатын дамытуды жетілдіру жөніндеғі шаралар туралы» ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы № 1090 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат) Ғылым академиясы (Қазақ КСР ҒА) ретінде 1946 ж. 1 маусымынан жұмыс істеп келеді.) Қазақ КСР ғылым академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды (1993–2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз–Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан – 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. – Алматы: БҮ «Эдельвейс», 2004. 572–573 б.). ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен («Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2001ж. 6 қарашадағы № 247 Өкімі (Ағымдағы мұрағат)). ҚР Ұ.Ғ. а.–сына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен («Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы № 550 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 14, 150–бап))[«ҚР Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді.

Жарғыға сәйкес ҚР Ұ.Ғ. а. Ғ. а.–сының мүшелерін (академиктерді), корреспондент–мүшелері мен Қазақстанның жетекші ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылды. Ғ. а. басқарушылық, ғылыми–техникалық, әлеуметтік–мәдени және басқа функцияларды жүзеге асыруға құрылған республикалық мемлекеттік мекеме болып табылды. Ғ. а.–ның мемлекеттік органы, сондай–ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің оған қатысты функцияларын жүзеге асыратын органы ҚР Білім және ғылым министрлігі болып табылды. ҚР Ұ.Ғ. а. қызметінің мақсаты мен негізгі бағыттары мыналар болып табылды: ғылыми–зерттеу қызметі; ҚР ғылымының жай–күйін талдау және дамуын болжау; ғылымды дамыту мен ғылыми кадрларды даярлаудың басым бағыттарын айқындау; ғылыми–сараптамалық қамтамасыз ету; ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және орындалуын үйлестіру; өз құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытута жәрдемдесу.

Ұ.Ғ. а. жалпы басшылықты және қызметін үйлестіруді уәкілетті орган (министрлік) жүзеге асырды. Ғ. а. басқармасының атқарушы органы ҚР ҒА президенті болып табылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы Жарлығымен («Қазақстан Республикасында ғылыми қызметті ұйымдастыру жүйелерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы № 1208 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат))«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігі құрылды (Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001–2005 жж.).

1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылды. Ғ. а.–ның тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Қазақстан Ұ. Ғ. а.–ның құрылуы республиканың табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеп өсуіне кең мүмкіндіктер ашты. 1995 жылы 31 желтоқсанда Ғ. а.–ның ғылыми–зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлердің саны 2996–ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы және 1289 ғылым кандидаты; ал 2009 жылы ҚР Ұ. Ғ. а.–нда 172 толық мүше, 21 құрметті мүше және 14 шетелдік мүшесі болды. Ғ. а.–ның құрамында 5 ғылыми бөлімше (1999): физика–математикалық ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия–технологиялық ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай–ақ ғылыми–ұйымдық және халықаралық бөлімшелер жұмыс істеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *