Ертеде, елін, жерін жаудан қорғап, майданнан жеңіспен ауылына аман – есен оралғанда, алыс сапардан айлап, апталап көріспеген елшілер мен жиһанкездер оралғанда ауыл – ауылға ат шаптырып «сүйіншілеп» қуанышты хабар жеткізген. Ел шалғайдағы ұзатылған қыздың артынан төркін жұрты, бауырлары ұзақ жол жүріп келгенде, сүйіншілеп, елін сағынып, сарғайып жүрген қызды қуантқан. Сондай жүрек жарды қуаныш үстінде қыз сүйіншіге ең тәуір бұйым дүниесін берген. Одан да басқа сүйіншіні айтып қуанышты хабар жеткізудің көптеген түрлері бар. Ұзақ жылдар бойы бала көтермей жүріп, ұл перзентті болғанда, әскер қатарынан баласы аман – есен елге оралғанда, тағы басқа жағдайларда сүйіншілеп қуаныш сыйлайды.