орыстар

ұлт, Ресей Федерациясының негізгі халқы. Шығыс славян тайпасы байырғы заманнан Русь атанған да, ежелден көршілес түрік тайпасы оларды О. деп атап кеткен. Көне О. мемлекеті IX–XII ғасырда құрылып, Алтын Орда билеушілерінің ықпалымен бір орталыққа бағынған мемлекетін құрып, О. ұлтқа айналды. О. халқы Ұлы Новгород аймағы мен Волга, Ока өзендері аралығыңда қалыптасқан. Алтын Орда ыдырағаннан кейін өзінің оңтүстігі мен шығысында орасан зор жерлерді жаулап алып, ірі империяға айналды. О. халқының салт–сана, мінез–құлқы, тірлік–тынысы, әсіресе, өз заманында күшейе түскен О. мемлекетінің отаршылық озбырлықтары көркем шығармаларда айтарлықтай із қалдырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *