нәпсі

діни әдебиеттерде жанның баламасы ретінде беріледі. Ол адам тәнінде екі түрлі қызмет атқарады: 1) тіршілік ету қабілетін қамтамасыз етсе; 2) тәннің қалауын, тілегін білдіреді. Анахарсис:  “Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тыйып ұста” –дейді. Ислам діні бойынша, Н. адамның онтологиялық болмысы болып табылады. М., “Адам ата мен Хауа ана” қиссасында Алла тағала адам денесін жаратқан төрт затының бірі оттан адамның төрт қасиетінің бірі – Н–нің жаратылғаны айтылады. Әл–Кинди адам Н–ге байланса соншалықты еркін бола алмайды деп санайды. Әл–Ғазали қылықтары тек Н–лік және тәндік қалауларды орындауға бағытталған адамның жануарлар деңгейінен аса алмайтындығын атап көрсетеді. Сопылық дүниетанымда адамның басты мақсаты – жанды, көңілді  Н–нің бұғауынан босату болып табылады. Шәкәрім философиясы бойынша, адамның бойындаоны жүгендей білу керек, оның толық жоққа шығаруға болмайды. Н. Құмарлығы бар. Н. – адамның жалғандық болмысы, оның шектеу күші – ақыл. Н–құмарлықпен шендеседі. Н–нің жетекшісі – құмарлық. Бірақ құмарлықтың екі жақты болатынын мойындау керек. Теріс құмарлықпен бірге, оң құмарлық та болады, мысалы, білімге, ғылымға, өнерге құмарлық. Теріс құмарлықты сипаттай келе, Шопенгауэр: “Құмарлық, өткір сезім қанша қызықты болса да – адамның өмірі одан да қымбатты да ардақты екенін ұмытқан адамдар  – құдайдан безгендер деген жөн” – деп айтқан. Мыс., жұмақтағы Адам ата мен Хауа ананың жарасымды тіршілігі ұзаққа бармады, арасына тән азығы – Н.  еніп, жасалған тиымдардан ауытқып, құдіретті жұмақ кеңістігінен қуылды. Осы сәттен бастап адамның жер бетіндегі ғұмыр–тіршілігінде – қайғы мен қасірет дейтін жаңа түсінік пайда болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *