тарихи–ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, насихаттап ғылыми–танымдық қызмет атқаратын мекеме. М. заттық және рухани кұндылықтарды танытуда, ғыл. тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім–тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. М. ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғыл. мекеме ретінде өскелең ұрпактың тәрбиесіне, тарихи сананың калыптасуына ық–пал етеді. М. алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық кор ретінде қалыптасты. М–лардың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Еуропада тарихи мұражайлар XVI–XVIII ғ–ларда пайда болды. М–дың қалыптасуы сана–сезімді оятуға, мәдени–саяси идеяларды (ой–сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 ж. Германияда өнер М–лары құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда археол. бағыттағы және әскери–тарихи М–лар құрылды. XIX г. этнограф. зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнограф. М–лер құрылып, олар ғыл.–зерттеу орталықтарына айналды. М. негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи М–лар (жалпы тарих, археол., антропол., этнограф., нумизмат., т.б.), көркемөнер М. (көркемөнер, мүсін, қолөнер, театр, музыка, кино, т.б. М–лар), жаратылыстану М–ы (биол., зоол., геол., минералдық, палеонтол., т.б.) тех. М–лар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау–кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), кешенді М–лар (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану М–лары), мемориалдык М–лар (мемлекетке, өнерге, әдебиетке, ғылымға еңбегі сіңген беделді адамдардың жеке өмірі мен кызметіне арналған М–лар. М. ісінін негізгі бағыттары –мұражайлык мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, М–дың кадрлық жүйесін жетілдіру. Бұл мұралар қазіргі таңда Қазақстан Орт. Мемл. мүражайының негізгі қорын құрауда. Қазақ–станда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. –29 М–лар болса, қазіргі таңда М–лар саны 154–ке жетті. Онт. мемл. М. (1930), Ә.Қастеев атынд. респ. өнер М–ы (1935) Президенттік мәдени орт. (2000), Мемл. алтын және асыл металдар М–ы (1994), Қазақстан ҒА Археология М–ы (1973), Ұлттық ва–люта М–ы (1993), Кітап М–ы (1978), Ықылас атынд. Респ. халық саз аспаптар М–ы (1980), «М.Әуезов үйі» ғыл. орт. М–ы (1962), т.б. Мемор. М–лар да Қазақстанның тарихи–мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемл. тарихи–мәдени қорық М–ы, Абай–Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғазиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемор. М–лары. 1889 ж. 20 маусымда халықар. «Музейлер ассоциация–сы» құрылды. 1918 ж. Халықар. мұражайлар бюросы құрылып, «Му–зей» журналын шығарды. Бүл ЮНЕСКО–ның «Музеум» журналы–ның шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО–ның құрамына енген Халықар. М–лар Кеңесі құрылды.