КӨРНЕКІЛІК

ойлауды қабылдау мен түсінік арқылы жетілдірудің бір түрі әрі оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін,  қилы сыр–сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқауға, қабылдауға баулитын дидактикалық қағида. Дидактикада К–ке қабылдаудың көру, есіту, сезіну сияқты түрлері жатады. Заттың табиғатына, сұрақтың мағынасына орай түрлі көрнекі құралдардың пайдаланылуы әбден ықтимал. Техникалық, жаратылыстану, гуманитарлық білім саласында К–ті қолдану мүмкіндігі, методикасы бір–бірімен үйлесе бермейді. К–тің әр түрін мақсатқа және оқу материалының ерекшелігіне орай пайдалана білудің маңызы зор.Оқушыықыласы қажетті мәселеге шоғырланады, образды түсінік ұғымның қалыптасуына әрі теориялық ойланудың жетілуіне ұйытқы болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *