КӨРКЕМДІК МӘДЕНИЕТ

адамның рухани байлығының көне түрі және адамзат өркениетінің қордаланған, эстет ләзат беретін көріністері. Адамның қабілет–қасиеттері мен білімдері дамып, есі–дерті мен жады жетіліп, ұлттық мінез–құлықтары қалыптасып, адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі  жаңарған сайын оның көркемдік–мәдени қызметінің түрлері жетіледі, бір–бірімен ұштасады. Адамның рухани өмірінің жаңаруына өнердің жаңа түрлері мен көркемдік шығар. тәсілдерінің қолданыс табуы, ғылыми білімдердің жаңа салалары мен бағыттарының қалыптасуы әрқалай ықпал етеді.

К.м. дегеніміз эстет. құндылығы жоғары өнер шығармаларын жасайтын, тарататын, зерттейтін және игеретін рухани–практикалық қызмет үрдістерінің жиынтығы. Сондай–ақ оған бұрын–соңды жасалынған және жасаланып жатқан көркемдік құндылықтар мен шығармалар да жатады.

К.м–тің мән–мағынасы дүниені көркемдік тұрғыдан игеру тәсілі мен философиялық–эстетикалық көзқарастар аясында анықталады. К.м. дамудың сипатын негізгі үш фактор – еңбектің мазмұны, халықтың К.м құндылығын жасауға және таратуға қатысуы, мәдениеттің демократиялық элементтері қалыптастырады. Халықтың мәдени құндылықтарды өндірудегі қарым–қатынасы әр қоғамдағы К. м.–ті бағалаудың өлшемін құрайды.

Қоғамдық өмір мен К. м. арасында қалыптасқан заңдылықтар бар. Олар: көркемдік мәдениет сипатының қоғамдық–экономикалық формацияға, өндірістің қоғамдық тәсіліне тәуелділігі; көркемдік мәдениеттің таптық, ұлттық сипаты; көпфункционалдығы және оның рөлінің артуы; адамның рухани дүниесіне кешенді ықпал ету; тұлғалық дүниеде эмоционалды–сезімталдық деңгейдің басымдығы. Осы заңдылықтардың бір–біріне алмасуы К.м.–тің мәнін аша түседі. Мәдениеттегі демократиялық және интегративті үрдістер, көркемдік құндылықтардың жеткіліктілігі, көркемдік білімнің кең таралауы, өнер мен әдебиетте гуманистік бағыт пен реалистік тәсілдің айқындылығы – осының бәрі бірдей мәдениеттің көркемдігін мазмұндайды.

К.м. қоғамдағы әлеуметтік–экономикалық өзгерістерді бейнелеп қана қоймай, сол өзгерістерге белсенді ықпал етеді. Материалдық және рухани өндіріс заңдарының аясында К.м. дүниені өзгерту және игеру тәсіліне айналады. К. м. құрамында саяси, философиялық, құқықтық, діни, эстетикалық саналар өзара байланыста өмірдің идеялық негізін құрайды,

К.м.–тің тиімділігі мен салыстырмалы тәуелсіздігі, оның басты функциялары жүзеге асырылады. Оның функциялары: эстет. функция өнердің эмоционалды–сезімдік сипатымен,  оның рухани рахат пен қанағат әкелетін, адамның жан дүниесін қобалжыту арқылы оны тазартатын, ширататын мүмкіндігімен құнды. Эстет. сезім мен қобалжу қайталанбас индивидуалды баға мен К–дік қабылдаудың индивидуалды ерекшелігіне қатысты, сол индивидуалды қабілет–қасиеттерге негізделеді.

Танымдық функция. көркемдік. қабылдау адамның, әлеуметтік топтардың, ұлттың пихологиясын ашып көрсету арқылы қоғамдық өмірдің күрделі қайшылықтарын тануға мүмкіндікті кеңейтеді. К. м. білім алудың индивидуалды ерекше қайнар көзі. Өнердің көркемдік бағытын, суретшінің өмірлік көзқарасын, түрлі ағымдардың идеологиялық платформасын мәдениеттің танымдық қызметінің арсеналы арқылы жүзеге асырамыз. Суретші өзінің дүниетанымы тұрғысынан қоғамдық өмірдің әр түрлі қырлары мен сырларын бағалап,  қоғамның идеялық өміріне араласады, ондағы басым көңіл–күйдің ағымы мен сарынын жеткізеді. Осыдан көркемдік мәдениеттің тәрбиелік қызметі айқындалады. Тәрбиелік функция адамның рухани дүниесін қалыптастыратын қабілетке демеулік етеді; өнер шығарм–да азаматтықты, адамгершіл бастаманы, сезім тереңдігін насихаттай отырып, түрлі қоғамдық күштер арасында алдыңғы мақсат–мұраттың қалыптасуына және тарауына қызмет етеді. В.Г. Белинский үшін нағыз поэзия адамгершіліктен ауытқымайды.

К.м. білімді, сезімді тарату арқылы адамның рухани байланысының құралына айналады. Оны көркемдік шығарманың коммуникативті функциясы дейді. К.м.–тің қызметі өмірдің, өндірістің, өнердің әр саласында әр қалай  көрініс алады. Оның әлеуметтік–психологиялық қызметінің түрлі болуы өмірдегі, адам санасындағы алуан өзгерістерге еркін араласуға жол ашады. Оқырманның, көрерменнің, тыңдарманның талғам–түйсігін, ішкі бостандығын жетілдіруге, мақсат–мұратын қалыптастыруға септігін тигізеді.  Ол адамның рухани дүниесіне – ақыл–ойына, сана–сезімге және еркіне жалпылай және кешенді тұрғыдан ықпал етеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *