КӘЛӘМ

(арабша – сөз, пікір) – пайғамбар өмірден өтісімен пайда болған діни пікірталас барысында VIII ғасырда қалыптасқан ислам дініндегі философиялық ілім, араб–мұсылмандық теориялық рефлексияның алғашқы бағыттарының бірі. Рафидиттер, хариджиттер және мурджиттер арасындағы идеялық күрес барысында орнықты. Кәләмнің пайда болуы Уәсил ибн Атаның (748 жылы қайтыс болды) есімімен байланысты.  Кәләмнің екі кезеңі бар: ерте кезең, мутазилиттік («дараланған») және кейінгі кезең ашариттік, Әбу әл–Хасан әл–Ашаридің (873 – 935) есіміне орай аталған. Кәләмда адамның еркі мен әрекеті үшін жауапкершілігі мәселесінен бастап философиялық мәселелердің тұтастай шоғыры талқыланды. Кәләм бойынша, Алланың аянында берілген ақиқатты қияс («салыстыру») арқылы бекітуге болады, бұл зерденің дербестігінен хабар береді. Әуел бастапқы жаратылыс пен оның жаратылған әлеммен байланысы құдайдың атрибуттары мәселесі ретінде көрініс табады. Құдайдың атирбуттары «өзіндік атрибуттар» (сифат аз–зат) және «қимыл атрибуттары» (сифат ал–фил) деп бөлінеді. Ең негізі атрибуттарға ілім, құдірет, ерік және өмір атрибуттары жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *