КРЕАТИВТІЛІК

(лат. creatio – жасау, іске жарату) – адамның шығармашылық қабілетті таныту арқылы алдындағы міндетті төтесінен, оң шешуге арналған ерекше қасиеті; шығармашыл ойлануды жүзеге асыратын үрдістің маңызды бағыты; қауымдасқан байланыстарда мәртебе, ақпарат, маркетингтік мақсаттарды жүзега асыруға бағытталған стратегиялық шығармашылық. К. адамның ойында, сана–сезімінде, іс–әрекеті мен қарым–қатынасының кейбір түрлерінде, әсіресе олар белгісіздіктен арылтар шешім қабылдау барысында айқын орын алады. Креативтілік белгісіздікті қабылдап қана қоймай, идея, объект сияқты өнімді жасауда соны, жаңалықәкелетін қабілетпен ұласып жатады. К–ті интеллектпен бірдей түсінушілік қалыптасқан. К–ті шығарм–та сұлулық пайдаға қызмет етеді, көркемдіктің ішкі ресурсы коммерциялық мақсатқа жету үшін пайдаланылады. К–тің құрамы күрделі, өлшемі көп. Бұл ұғым а) өнім жасайтын тұлғаны, ә) идеяны жасайтын когнитивті процесті, б) шығарм. жүзеге асатын ортаны, в) шығармашыл қызметтің өнімін қамтиды (М. Родес). К–ілікте шығарм–қа қабілеттілік, шығарм–ық үрдісі мен өнімдері ғана емес, адамның өзін–өзі реттеу және тұлғалық–интеллектік әлеуетті жандандыру әрекеттері  қатар тоғысады. Содан жоспарсыз жұмыс барысында күтпеген түрлі соңғы, жаңа идеялардың туындауын тездететін, танымдық немесе тұлғалық реттеуді үйлестіретін қабілет–қасиет көріністері айқындалады. Проблемалық нақты жағдайда К. әр бағыттағы және мағынасы ұқсас дұрыс шешімдерді табуды, ұсынуды тездетеді. Кең мағынада К–ті – тәжірибеге жаңалық енгізетін, жаңа проблеманы күн тәртібіне қоярда немесе шешерде тың идеяны ұсынатын, жаңа проблема мен қайшылықты дер кезінде дөп түсіндіретін әрі оның жетіспейтін элементтерін саралап беретін, ойланудың қалыптасқан деңгейінен бас тартқызатын жалпы шығар–лық қабілетке балайды. Оның критерийі ретінде көбінесе интеллектуалды қызметтің мынандай ерекшеліктері ескеріледі: 1. тездік, жылдамдық (аз уақытта көп идеяның ұсынылуы); 2. түп нұсқалық, сонылық (қалыптасқан жауаптан тыс жаңа, сирек кезігетін идеяны кенеттен түйіндеу); 3. қабылдаушылық (ұсақ–түйекке, қайшылыққа және белгісіздікке ерекше сезімталдық таныту, бір идеядан басқа идеяға үйлесімді және тез көшуге бейімділігі); 4. сөздің бейнелі мағынада қолданылуы (өз ойын жеткізудің түрлі тәсілдерін қолдана білу, сондай–ақ қарапайым нәрседен күрделі құбылысты, күрделінің нақты түп негізін таба білу қабілеті). К. деп отырғанымыз: а) толыққанды қызмет жасай отырып шын өмірді қабылдау, затты, бар нәрсені ерекше қабылдаушылық, адамның өзін–өзі еркін сезіне отырып, қабылетін өнімді жағынан көрсете білу; талғамы жақсы ұқыптылық, сұхбаттасқан адамдармен өзін бірқалыпты ұстап, олардың өзін–өзі табуға көмектесу; қиын жағдайларда өзінің кәсіби шеберлігін таныту; шығар–ық өнімдегі шешімдері ерекше тартымды әрі мәнді болуы. К–лік – адам психологиясына тереңдеу, адам мніз–құлқын тұтастау, жігерлі әрекетке тұрақтау. К. болжаудың өтімді амалы және құралы. Осындай ойлану қабілеті белгілі затты пайдаланудың түрлі тәсілдерін тізіп береді; бір топқа жататын көптеген құбылыстардың ұқсастығын айқындай алады; қарапайым графиктік тұрпатқа сүйеніп, оның толық бейнесін жасау сияқты танымдық операцияларды жүзеге асырады. Жүзеге асатын идеяларды тұжырымдау мен оны іске асыру дәрежесін креативті ойланудың нышанына балаушылық қалыптасқан. К. шешімдерді іздестіру коммуникативті қызметтің стратегиялық бағдары мен тактикасының қалыптасуынан бастап, байланыс арнасы мен арнайы аудиториялармен жұмыс істеу түрлерін таңдаудан,  көзге көрінетін бейнелерді жасауда және жеке іс–шаралардың идеясын тұжырымдауға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Креативті қызметтің еркіндігін діни дәстүрлер мен елдің мәдени ерекшеліктері, этикалық принциптер кәсіби этикалық нормалар, құқықтық реттеу сияқты факторлар шектейді.

К. шешімдер интеллектінің орта деңгейімен – оның ауқымымен, шегімен, ресурсымен, функционалды жүйенің қабілеттерімен тығыз байланысты. Шығарм. жетістіктер факторлары екі бағытта зерттелінді: шығармашыл тұлғаның өмірлік тәжірибесі мен даралық ерекшеліктерін талдау; шығарм. ойлау мен оның өнімдерін талдау (креативтілік факторлары – ойлаудың жүйріктігі, икемділігі, нақтылығы, проблемаларды сезгіштік, оларды шешу кезіндегі бірегейлік, тапқырлық, сындарлық). Адами мүдделердің барлық салаларындағы шығарм. жетістіктер әрбір нақты салада тұлғалық қабілеттер мен қасиеттердің күрделі түрде ұштасуын талап етеді. К.–ң дамуына тәуекелге бармаушылық, жалтақтық, табыс үшіндеп көзжұмбайлықтан бас тартпау, ой мен мінездегі таптаурындық, толғанбай бірден келісе салушылық, қиял–арманды дұрыс бағалаумашылық, ізденіске емес беделге бас июшілік сияқты факторлар теріс, керісінше ықпал етеді. 

Адамдардың креативтілігі – олардың тұтастық және интегралдануының өнімдері; ол өзін–өзі қабылдау дегенмен парапар. Тың да таптаурын талаптар оқу процесіне ендірілген сайын оқушылардың  өзінше ойланатын, жаңа тәжірибеге ашық талпынысы, жаңаға сезімтал, шығармашылыққа деген жоғары талап, қысқасы, өзінің іздемпаз қабілетін жетілдірмек мотиві артпақ. Тұлғаның шығарм. қабілеттерін бағалайтын әдістемелер мен тестілер жасалынғаннан кейін бұл қасиетті зияттылық қабілеттерінің арасында ерекше орын алатыны сараланды. Бұл бастаулар жалпы мен жалқыға деген пайымдаушылықты, өз әрекетіне деген жауапкершілік сезімді күшейтеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *