КОРЕЙЛЕР МӘДЕНИЕТІ

Корейлер–(өздерінің атауы – чосон сарам) — Кореяның байырғы халқы. КХДР–нда 24 млн., Корей Республикасында 50 млн. Корейлер тұрады. Жалпы саны 81 млн. адам. Сондай–ақ, Ресей Федерациясында 108 мың, Өзбекстанда 184 мың, Қазақстанда 104 мың (1992) корейлер бар. Антропологиялық жағынан корейлер моңғол тектес нәсілдің шығыс азиялық тармағына жатады. Корей тілінде сөйлейді.

К–дің ұлттық киімі, көбінесе, ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақты шалбар, күртеше, халат, әйелдер ұзын белдемше, қысқа кофта, дамбал киеді. Дәстүрлі бейнелеу өнері, архитектуралық ескерткіштері, қыштан, балшықтан әшекейлі заттар жасау өнері әлемге әйгілі. К–дің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі–аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған. Кең тараған музыкалық аспабына комунго, каягым, флейта, барабан жатады. Қазақстанда К–дің ұлттық–мәдени орталығы, Республикалық корей музыкалық комедия театры жұмыс істейді, корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.

К.будда дінін ұстанады. Біршама бөлігі – христиандар. Ежелгі дәуірде к. шамандық сенім ұстанып, табиғат құдыретіне табынған. III – IV ғасырларда Кореяға будда діні таралып, орта ғасырларда конфуцийшілдік күшті ықпал етті. XIX ғасырдан Кореяға христиан діні де енді.

К–дің ұлттық тағамдары – қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөніс. К. ежелден егін шаруашылығымен айналысып келген. Көбінесе, күріш, арпа, тары, бұршақ дақылын, бау–бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Теңіз жағалауында балық аулайды. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарады. Қыш–құмыра жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қолөнері кең тараған. Қазір жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қара металлургия, машина жасау, т.б. ауыр өнеркәсіп түрлері дамыған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *