живопись–бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы са–лынатын көркем шығарма атауы. К. заттың сыр–сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым–қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерек–шеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстет. ләззат береді. К. туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соғыстарды да бейнелеп мәнін ашады. К. – тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс–салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы, т.б.) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай К. бірнеше топқа бөлінеді. Олар: 1) монументті–сәндік К. (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (пла–фондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер); 2) қондырғылы К. – суреттер, яғни картиналар; 3) сәндік суреттер (театр, кино көрі–ністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т.б.). Диорама, панорама да К. түрлеріне жатады. К. туындылары суреттің өңін келтіретін бояулардын түрлері мен оны салу әдістеріне карай да жіктеледі. Мыс, майлы бояулы К., фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады.), темпра, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. К–нің керамик. бояумен (тез балқитын әйнек–сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т.б. түрлері бар. Мозаика мен витраж да К–мен ұштасып жатады. К. туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастелъ, тушь та молынан қолданылады. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Ботичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан, Паоло Веронезе, Тинторетто (Италияда), Я. ван Эйк, П.Брейгель (Нидерландта), А.Дюрер, Х.Гольбейн (Гер–мания). XVII–XVIII ғ–ларда Еуропада К–нің дамуы одан әрі жалғасты. Франция (Н.Пуссен, А.Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.Л. Давид), Италия (М.Караваджо, Дж. Б.Тьеополло), Испания (Эль Греко, Д.Веласкес, Ф.Сурбаран, Ф.Гойя), Фландрия (П.П. Рубенс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрант, Я.Вермер), Англия (Г.Гейнсборо, У.Хогорт) пен Ресейлік (Ф.С. Рокотов, Д.Г.Левицкий, В.Л. Боровский) К–нің ұлттық мектептері пайда болды. XIX ғ–дын аяғында жөне XX ғ–дың басында дүние жүзі бойынша К. өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Азия, Африка, Австралия, Лат. Америкасы елдерінде К–нің жаңа мектептері туды. Постимпрессионизм К–сінің өзінде–ақ (П.Сезанн, В. ван Гог, П.Гоген, А.Тулуз–Лотерек), ішінара «модерн» К–сінде де XX ғ–ға тән кейбір ағымдардың ерекшеліктері айқындала бастады. XX ғ–дың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм, т.б.) туындыларында көрініп түрған дүниенің оп–оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтарымен суреттеледі, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардің көбі бара–бара өзіндік бағытқа айналды. 1960 жылдардың орта шенінен бастап Бат. Еуропа мен Америка К–сі «топ–арттың» бір саласының бөлігін құрады. К. техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік К–де жаңа бояулар та–былды.
Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі К. жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар, Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл обл.), Бұғытас қорымында (Шығ. Қазақстан обл.) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Халық арасында көптеген кескіндемеші шеберлер болған, бірақ олардың көбінің аты бізге беймәлім. Казақтан шыққан алғашқы кәсіби кескіндемеші –Ш.Уәлиханов. Оның акварельмен салған портреттік, пейзаждық жұмыстары: «Сырымбет», «Сартайдың портреті», «Шақырым бағандары», т.б. бар. XIX ғ–да казақ халқының өмірі туралы В.Штернберг («Түйе», «Киіз үй тұсындағы көрініс»), А.Горнович («Ақмешіттіалу»), А.Чернышев(«Қазақтардың көші», «Қонып жатқан қазақтар»), В.Верещагин («Аңшы қырғыз (қазақ)»,»Лепсі даласындағы таулар»), т.б. суретшілер өз туындыларын жазды. 1847 – 57 жж. Т.Г. Шевченко қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты «Байғұстар», «Киіз үйде», «Мемлекет жұдырығы» деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н.Хлудовтың еңбегі зор болды. Ол 1877 ж. Қазақстанға коныс аударып, қазақ халқы өмірінен көпте–ген суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Ә.Қастеев, С.Чуйков, т.б. Қазақ кәсіби К. өнерінің тарихы XX ғ–дың 20–жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ К. мектебінің негізін салушы Ә. Қастеев. Одан кейін қазақ К. өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер:Ә.Ысмайлов, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты. 1960 – 70 ж. қазақ К. өнерінің атын шығарған суретшілер М.Кенбаев, К, Телжанов, Т.Ысмайлова, Антощенко–Оленев, К.Баранов, А.Ғалымбаева, Л.Леонтьев, С.Мәмбеев,Ү.Әжиев, С.Романов, Ж.Шәрденов, т.б. есімдері көпшілікке танылды. 1970 – 90 жылдары қазақ К–де жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы (Е.Сидоркин, Ш.Сариев, С.Айтбаев, Б.Сыдыханов, М.Аманжолов, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, З.Түсіпова, т.б.) келіп, К. өнерін жаңа биікке көтерді. Осы кезеңде бұрын жабық тақырып болып келген 20 ғ–дың 30–жылдарындағы зұлмат кезең, атом полигоны және Арал қасіреті, т.б. ашық жазылды. Ішінара өнердің жаңа ағымдарына бой ұру (мыс, Сыдыханов, Түлкиев, т.б.) байқалды.