ИНТУИЦИЯ

(орта ғасыр. лат. іntuіtіo, лат. іntucor – қадағалап қарау, үңілу) — алдын ала әр түрлі дәлелдеу арқылы талдауларға сүйенбестен ақиқат ілімді иелену. И. тікелей интеллектуалдық білім түрі (интеллектуалдық интуиция) ретінде қабылданды. Декарт өз ілімінде интуитивті түрде табылатын, дәлелдеуді керек қылмайтын айқын, ақиқат танымды И. мағынасында қарастырды. И. мен дедукцияны ақиқатты ашудың басты құралы деп біледі. Спинозаның пікірінше, танымның үш түрі болады: ең төменгісі сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады; одан кейінгісі ақылға сүйенеді, бірақ әр түрлі дәлелдеуді керек етеді; ең жоғарғысы да ақылға сүйенеді, бірақ дәлелдеуді керек қылмайды, заттың мәнін бірден ашып береді. Бұл — И. болып табылады. Интеллектуалдық И. танымының ең жоғарғы түрі деп танылады. Фейербах И–ны танымның сезім арқылы әсерлену түрі деп таныйды. И–ны организмнің ешқандай алдын–ала түсіндірілмей келетін инстинктік қалыбы ретінде (Бергсон), шығарм.–тың санасыз келетін алғашқы шарты (Фрейд) деп те тану ғылымда орын алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *