ИННОВАЦИЯ

ағыл. іnnovatіon – жаңалық) — мәдениеттану мен социологияда этностың алғашқы даму кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мәдени құбылысты айқындайтын ұғым. И. — мәдениеттің ішкі даму кезеңі, жаңаша тану және сыртқы даму кезеңі, байланыс, ұмтылыс нәтижесі. Мәдениеттануда И. — қоғамның динамикалық дамуының қажеттілігінен туындайтын мақсатты түрдегі байланыс арқылы дамыту (металлургияның дамуы, жануарларды қолға үйрету, өсімдіктерді қолда өсіруге бейімдеу, техниканы дамыту). И–ның келуінде кездейсоқтық пен сыртқы ықпалдың да әсері күшті. И–лық мәдениеттің этнос мәдениетіне енуі үш кезеңнен тұрады: 1) Таңдау, талдау кезеңі, сырттан келген мәдени құбылыс толық енбей, сұрыптаудан өтеді. 2) Модификация кезеңі. Онда этнос мәдениетінің ерекшелігі маңызды рөл атқарады. 3) Интеграция кезеңі. Сырттан келген мәдени құбылыс жаңа немесе өзгеше екені байқалмай, сол этностың дәстүрлі мәдениетімен үндеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *