адамның әлеуметтік болмыстағы сыпайлық ілтипатшылдық оңды қасиеттерін білдіретін этик. категория. “Инабат ердің қазығы емес пе, инабатты ер – елдің қазығы емес пе?” (Қазыбек би). И–лық тектіліктің – қайнар көзі. И.–тың үлгісін Төле бидің: “Басым бұлтқа тиер деп бұққан – батыр, кесірім жұртқа тиер деп ыққан – батыр” –деп айтқанынан айқын көруге болады. Ғ.Мустафин: “Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен–кішіні сыйлау – инбаттылықтың көрінісі” –деген. Қазақ әйел адамның И. танытқандығын жоғары бағалаған.