суырып–салмалык (лат. іпргоvіsus – кеңеттен, тұтқиылдан) – көркем туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі. И. поэзияда, музыкада, театрда, биде, т.б. кездеседі. Кәсіби өнердегі И–ның тууы, иегізінен, халықшығарм–ғымен тығыз байланысты. Ежелден–ақ көптеген халықтарда айрықша белгілерін көрсететін суырып салушылар болған. Қазақ халқын ақын–жыраулары, шешендері, күйшілері, әншілері И–ның озық үлгісіи көрсеткен. Өзге түркі тілдес халықтарға қарағанда қазақта И. жалпы ұлттық сипат алған. Муз. И. алғашында ортағасырлық Еуропада (вокалдық діни музыка) тарады.
19 ғ–да көрнекті композиторлар (Л.Бетховен, Н.Паганини, Ф.Лист, т.б.) шығармаларында басты орын алды. И. қазақ музыкасында көне заманнан белгілі. Халық музыканттары И. молынан пайдаланды. Олар қалыптасқан ойға, әуен–ырғаққа сүйене отырып, музыканы еркін вариациялап, оны байытып, дамытып отырды. Қазіргі кезде И. джаз музыкасында өрістеп келеді. Комп–лык шығар–қта да И. муз. бейнелерді дамыту, сомдау үшін қолданылады. «Фантазия», «Экспромт», «Прелюдия», «И.», «Вариация» сияқты туындылар И–мен біршама байланысты. Мыс, М.Сағатовтың виолончель мен фортепьяноға арналған «Импровизациясы», Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Н.Меңдіғалиев, М.Қойшыбаев, т.б. композиторлардың халық әндері тақырыбына жазған вариациялары. Б и д е г і И. – ежелгі дәуірлерден–ақ үлттық ойын–сауықтардың басты шарттарының бірі болып саналады. Шығыста би И–сы халықойындарында ғана емес, кәсіби би өнерінде де сақталған. 20 ғ–дың 2–жартысында И. көпшілік билерінің басты элементтерінің біріне айналып, бал, спорт билерінде (чарлстон, твист, шейк, брейк, аэробика, ырғақты гимнасти–ка, т.б.) кең өріс алды. Театрдағы И. – мәтінсіз сахналык сауықтарда актердің алдын ала дайындықсыз–ақ өзі ойнайтын рөлінің сөздерін жанынан шығаруы. Халық театр шығарм–ғында туған И. Ежелгі Шығыс (қазіргі театрларда да кездеседі), көне, ортағасырлық, Қайта өркендеудегі театрларда да бой көрсетті.