ИМАНДЫЛЫҚ

жалпы алғанда адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс–әрекеттерін белгілі–бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадыр–қасиеті, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Мұсылмандық дүниетаным бойынша–дінге ден қойған тақуа адамның қасиеті. Ал, иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни И. – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім»– деу арқылы әлемдегі тәлім–тәрбие мен И–тың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, И–қа өзі бірінші үлгі болған. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: «Алланың мінезінен үлгі–өнеге алыңдар» (Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар)– деп уағыздалды. И–тың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі – Құран», – деп жауап берген. Құранда: «Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларыңның жанында сыйлық бар», – делінген (Бақара, 2/277). Бұл аяттағы ізгі істер, діни ұғым бойынша имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. И–қа қарама–қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.

И–тың шыққан тегі дінде болса, кейін бұл ұғым әдептілік пен кісілікті білдіретін басты құндылыққа айналды. Иман дегеніміз ардан аспау, ақылдан алжаспау. Тілмен жеткізіп, сөзбен сипаттау. Арқылы жететін иман: көркем сөз, куәлік сөз, бірлеу сөз, тойтару сөз, тілеу сөз және ұлықтау сөз. Алланың қасиеті  мен сипатын арлау. Олар: оның барлығы, мәңгілігі, періштелері, пайғамбарлары, бірлігі, жекелігі, ақырет күні, тірлігі, білуі, есітуі, көруі, қалауы, күші жетуі, жаратуы, сөйлеуіиманның түрлері: тілмен айтып, жүрекпен бекітетін иман; шешімге келетін қорытынды иман; риясыз иланатын толық иман, не сенімсіз күй кешетін әлсіз иман өмір сүреді. Ал аталмыш иманның ақ–қарасын білу үшін адам мен хайуанды һәм жақсылық пен жамандықты айырып, ажалдың уақыт әмірі екендігін мойындап, зұлымдық пен өтіріктен сақтанып, мінез мінін кетіріп, адам өзін өзі таныса құдайын да ұмытпасы хақ. Сонда ғана адам іске икемді, мінезге бай болары анық.

И.– ар өлшемі екендігі даусыз. Ел шетіне жау тиіп, ер намысын қайраған сол қилы заманда тұлпар мініп, ту алған біртуар ұлдар, алдаспанын ата жауының қанына суарып, шөліне орман, жұртына қорған болумен қатар, суырып–салма ақын, жыраулық өнерді қатар алып жүріп, қанатты сөздерімен, ақиқат өткір жырларымен өздерінен кейінгі буынға үлкен үлгі–өнеге бола білді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *