ИГІЛІК

адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның ниеттеріне, мақсаты мен мүддесіне сәйкес келетін, рухани және материалдық байлықты білдіретін жалпы ұғым. И. табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғат И–тері – табиғи үдерістердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, жер асты пайдалы қазба байлықтары. Қоғамдық И–тер – адам қызметінің нәтижелері. Екі жағдайда да И. ненің болса да әлеумметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалылығы маңызды болады.

Материалдық және рухани И. сұраныс, қажеттерді қанағаттандыру шарттарына байланысты ажыратылады. Сондықтан материалдық И–ке азық түлік, киім–кешек, баспана, өндіріс құрал жабдықтары және т.б. жатса, рухани игілікке – білім, рухани мәдениеттің жетістіктері, адамның мінез–құлқынан көрінетін адамгершілік қасиеттері және т.б. жатады. Адам бойындағы жасампаздық мүмкіндіктер ең жоғарғы И. болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *