ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР

Қымбат және түсті металдарды зерлеп асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген.сәндікқолөнердің ежелгі түрі. 3. ө–ге әсемдік бұйымдар мен ыдыс–аяқ, қару–жарақ пен ат–әбзелдерін өрнектеу де жатады. 3. ө–де шыңдау, құйма, тегістеу, біліктеу, көркем шекіме, канфаренье (өтпейтін бізбен шекіме жасау арқылы металдың үстіне бүршіктік және күңгірт әсер беру), бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн (сурет айналасын ойып тастау техникасы), сым–кәптау (филнгрань), бүршік, карала, тыныке (финифть), инкрустация, қырнау, жылтырату және т.б. тәсілдер қолданылады. Қазақстандағы тех. әрі әсемдік жағынан жетілген 3. ө. алғашқы темір дәуірінен басталады. Жетісуда жануарлар– таутеке, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен құрбандык құралдары (б.з.б. 5–4 ғғ.), сақ жауынгер–көсемінің алтынмен апталған сауыт–саймандары (Есік қорғаны, б.з.б. 4 ғ.), әйелдің алтын бас киімі (Қарғалы қазынасы, б.з.б. 11 ғ.), т.б. табылған. Бұлар полихромдық стильге жатқанымен оларды бірін–бірі толықтыратын тех. тәсілдері – сіркелеу, қақтау, әшекейлеу, кіріктіру, т.с.с. қамтиды. Орта ғасырда 3. ө. жекелеген шеберлердің ықпалынан шығып, қолөнерлік өндіріске ай–налды. Сөйтіп, Оңт. және Орт. Қазақстан калаларына тарады. Осы кезенде кең етек алған тәсілмен ат әбзелдерін өрнектеу (күмістеу, асыл, жартылай асыл тастармен әшекейлеу, бедерлеу, бұрау), қару–жарақтар, күнделікті тіршілік құралдары – қола шырағдандар, ыдыс–аяқ (Оңт. Қазақстан, 10–13 ғ.) жасалған. Қазақстанда 3. ө. 17 ғ. мен 20 ғ–дың алғашқы жарты–сында металды әшекейлеу өз алдына қолөнерлік өндіріске айнал–ды. Зергерлік шеберлік әкеден балаға мүра ретінде қалып отырған. Қазақстанның әрбір аймақтарында 3. ө–дің жергілікті мектептері калыптаскан. Қазіргі заманғы 3. ө. жүмыстары әр түрлі техникалардың көмегімен жасалады. Зергерлердің қолдан жасаған дара бүйымдары әлі күнге дейін жоғары бағаланады. Қазакстанда белгілі 3. ө–дің шеберлері ретінде А.Қошқарбергенов, А.Абылаев, Қ.Дүйсенқұлова, Қ.Смағұлов, Нұржанов, А.Есалиев, М.Төлегенов, И.К. Брякин,  Ғ.Жалмұқанов, Д.Шоқпарұлы,В.С. Савченков, Г.И. Иванов, т.б. атап айтуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *