бір–бірімен өзара тікелей қарым–қатынас жасамаса да, белгілі бір ортақ мүдде жолында біріккен, алайда ресми түрде ұйымдаспаған топ, көпшілік қауым. Қазақтың дәстүрлі түсінігінде кездесетін Ж–лық ұғымын, әлеумет және діни ұғымда қолданылатын жамиғат түсініктеріне синоним ретінде қарастыруға болады. Ол жалпы тобыр ұғымына сай келе бермейді. Көптің жүрген жерінде дау–дамай мен бас араздықтың қоса жүретінін білген Абай, көптің сауатсыз билігін дұрыс көрмейді. Ретіне қарай ақылға, жөнге салынуы керек жетесіз, билікке көнбеген тобыр – ессіз қара күш. Ақын пікірінше, ақылсыз тобыр – есінен айрылып, басқаның жетегіне ергендер. Сондықтан, “көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел”– дейді.