іс–әрекет мақсатын және оны іске асыру үшін қажетті ішкі жігерді таңдауға деген қабілеттілік. Е. – санаға және іс–әрекетке телуге болмайтын өзгеше акт. Кез–келген саналы іс–қимыл, тіпті мақсатқа жету жолында кедергілерді жеңумен байланысты қимылда ерік болмайды. Е–те ең бастысы іс–әрекет мақсатының құндылықтық сипаттамасын ұғыну және тұлғаның ұстанымдары мен нормаларына сәйкестігі. Е–тік қимылды іске асырғанда адам өзекті қажеттіліктер мен импульсивті қимыл билігін қарсы тұрады. Е–тік қылық құрылымы бойынша шешім қабылдау және оны жүзеге асырудан тұрады. Е–тік іс–қимыл және өзекті қажеттіліктер мақсатында сәйкессіздік туындағанда шешім қабылдау түрткі күресін тудырады. философия және психология тарихында еріктің түрлі түсіндірілуі ең алдымен детерминизм және индетерминизм қарама–қарсылығымен байланысты. Детерминизм Е–ті сырттан туындаған (физикалық, психологиялық, әлеуметтік себептер, ал супранатуралистік детерминизмде – жазмыш ұғымы) ретінде қарастырса, индетерминизм Е–ті автономды және өзіндік күш ретінде қарастырады. Волюнтаризм ілімінде Е. әлемдік процесстің, адам іс–әрекетінің бастапқы және бірінші негізі ретінде қарастырылады. Ерік–жігер адам мінезімен тығыз байланысты және Е. адам мінезінің қалыптасу және қайта түлеу процесінде елеулі рөл атқарады.