Көші – қон деген қай кезде де оңай шаруа емес. Ауыл үстіне үй көшіп келіп қонып жатқанда ауыл – үй бәйбішелері, қатар – құрбылары ас даярлап, табақ көтеріп «қоныс жайлы болсын» айтады. Үйді бірге тігісіп, жиһаздарын жинасады. Бәрін жайғастырып болған соң барлығы бірге ас ішіп, әңгіме дүкен құрып, көңіл көтереді. Осылайша, үй иелерінің шаршап – шалдыққанын жеңілдетіп, одан әрі аяқ табақ араластырып кетеді.