Ел тану

құрлықтарды, елдерді, ірі аудандарды кешенді түрде зерттеумен айналысатын географиялық ғылымдар жүйесіндегі пән. Е. – нақты бір аумақтарда физикалық және экономикалық географияға сәйкес бекітілетін жалпы заңдылықтар мен технологиялық сипаттар қалай көрінетіндігін көрсетеді. Е. – географияның көне саласы. Е. аудандық түрлі елдерді тану қажеттілігінен сонау антика заманында пайда болған. Мыңдаған жылдар бойында Геродот және Страбоннан бастау алған елтану яғни табиғат, тарих, экономика, мәдениет және саясатты қамтумен өзінің әмбебап сипатын көрсетеді. Ғылымның дамуы, әсіресе Χ ғасырда жүйелі географиялық ғылымдардың қарқынды өсуіне алып келді. Бұл е.–дың ғылыми деңгейінің жоғарылуына алып келді. Заманауи Е. саласының әдебиеттерінде экономикалық–географиялық және физикалық–географиялық сынды екі түрлі бағыт қалыптасқан. Бұл екі бағыт табиғат және қоғамға тән заңдылықтардың айырмашылықтары мен табиғи және экономикалық аудандастырудың түбегейлі сәйкессіздігінен туындады. Е. – белгілі бір ел туралы алуан түрлі білімдерді біріктіретін және жүйелейтін пән. Е. – елдің өндірістік–аумақтық құрылымының даму көкжиегін және хал–ахуалын, табиғи және еңбек ресурстарын, өндірістік базасы мен аумағын пайдаланудың негізгі сипаттарын айқындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *