Елтаңба

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шанырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Е.–ның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, эстетикалық әсері жөнінен Е. мен ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Егер туда дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса, Е. табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты сәулеттік композиция мен пішімге (формаға) қатысты ұғымдарға сәйкес айқындалады.Е – бүкіл әлем мойындаған мемлекеттіліктің ерекше маңызды нышаны. «Герб» (елтаңба) термині неміс сөзінен аударғанда «мұра» немесе «енші» мағынасын береді және мемлекетті айрықшалайтын белгі болып табылады. Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі сақ тайпасының өздерін ерекше айрықшаландыратын «Тамға» (таңба) атанған тотем белгісінің болғандығын тарих та дәлелдейді. Аталған термин Түрік қағанаты кезінде қолданыла бастаған.

Махмұд Қашқаридың атақты «Түрік тілінің сөздігі» еңбегінде бұл термин әміршіні ерекшелендіретін белгі ретінде түсіндіріледі. Ортағасырларда әртүрлі геометриялық пішіндерден тұратын тамғалар Е., мөр, таңба ретінде қолданылған. Олардың кескіндемесінде суреттер, ежелгі жазу мен бейнелеу ескертікштері жиі кездесіп отырады. Тамға тайпаның, рудың, отбасының және тағы басқа да меншіктікті білдіретін белгінің қызметін атқарған. Онымен жануарларды да таңбалаған (ен салған). Бұл дәстүр ауылдық жерлерде тұратын қазақтарда әлі күнге дейін сақталған.Кеңес үкіметі кезінде Е–ларды бір жүйеге түсірушілік болды. Қазақ КСРО–сінің жалпы Е–ның кескіндемесінде қызыл түсті сәуледе орақ пен балға, айнала түскен жолақта қазақ және орыс тілдерінде «Барлық елдердің пролетариаттары бірігіңдер!» делінген жазудан тұрды. Е–ның жоғарғы бөлігінде бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында – «КССР» және «ҚССР» жазуы болған.

Егеменді, дербес Қазақстанның Е–сы 1992 жылы қабылданды. Оның авторлары атақты сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот–Аман Уәлиханов болып табылады.

Көркемдік тұрғысы жан–жақты көзқарастың дәлме–дәл бірегей үндестігін тапқан. Шаңырақ – киіз үйдің негізгі бөлігі болып табылады, тіршіліктің бастау алар көзі, адамзат өмірінің маңызды бөлігі. Тотемдік маңызы бар нышан ретінде шаңырақты ежелгі бабаларымыз құрметтеген. Республикамыздың Мемлекеттік Е–сындағы шаңырақ бейнесі – Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтың Отаны бір, Қазақстан біздің ортақ үйіміз деген мағынаны береді. Оның бақыты шаңырақтың мықтылығы уықтардан тұратыны сияқты әр адамнан тұрады. Мемлекеттің болашағы бірлік пен татулықтан құралады.

Мифтік қанатты тұлпарлардың бейнесі – Мемлекеттік Е–дағы тұлпар маңызды геральдикалық бөлшегі болып табылады және белгілі бір идеялардың рөлін атқарады. Тұлпардың бейнесі ежелгі дәуірден бері күштілік пен қайсарлықтың ұғымын берген. Оның қанаты көпұлтты Қазақстан халқының мықты әрі жан–жақты көркейген мемлекетке айналуының бейнесі ретінде берілген. Әлемдік өркениетке жетуді, жарқын болашаққа талпынушылық пен арман–мақсатты, сондай–ақ даму мен үлкен мақсаттарға жетудің мәнін береді. Сол үшін Мемлекеттік Е–дағы қанаттардың символикалық маңызын мемлекеттілікті дамытудың жоғары деңгейлік ойлары мен қарапайым азаматтық талпыныс деп түсіну қажет.

Мемлекеттік Е. бейнесінің тағы да бір бөлігі бар, ол – бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыз – өмірге жетекшілік ететін, көтеріңкілікке, талпыну мен мәңгіліктің, биліктің нышаны ретінде бейнеленген. Жұлдыз тек Ресейдің ғана мемлекеттік геральдикасына тән нышан болып табылмайды, оны Ресейдің революциялық нышанына алғаш рет орыс дворяндары енгізді және ол Ресейдің мемлекеттік Е–сында бірден пайда болған жоқ. Бұл бейнені аударылған және ассимметриялы түрде қолдануға болмайды. Бесбұрышты жұлдыз ақиқат әлемдегі – «Таң жұлдызын» бейнелейді. Мемлекеттік Е–дағы жұлдыз бейнесі барлық қазақстандықтардың қазіргі жаңа жоғары өркениеттілік және дамыған мемлекеттермен қоғамдастыққа бірігудің ардақты арманын, сонымен бірге барлық ғаламшардағы құрлықтардың барша халқына ашық екендігін бейнелейді.

Мемлекет атауының өзі де оның лингвистикалық, этномәдени, символикалық белгісі болып табылады. Ол өзінің саяси мағынасы және елдің конституциясы екенін анықтайды. Біздің елдің атауы – Қазақстан – мемлекеттің атауы ретінде тарихи түпнұсқалардан жиі кездесетін ХV–ХVІ ғасырлардан бастау алған қазақ ұлтымен байланыстырылады.

Мемлекеттік Е. бейнесіндегі қолданылған басты түс – алтын түсті болып табылады, ол байлықтың, әділеттіліктің және қайырымдылықтың символы екенін көрсетеді. Мемлекеттік Е.–да, сонымен қатар, байрақтың түсі – аспан түстес көгілдір болып келеді, ол алтын түспен сәтті үйлескен.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Е.–сының авторлары Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков және Шот–Аман Ыдырысұлы Уәлихан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *