ЕГЕМЕНДІК

(француз–souverainete немесе souveranitat–жоғары билік) –Мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси іс–әрекетіндегітәуелсіздігімен сипатталатын. мемлекет пен биліктің негізгі сипаттамасы Суверенитет терминін алғаш рет мемлекеттік–құқықтық мағынада XVI ғасырда француз ғалымы Ж.Боден енгізді. Оның пікірінше «Е. – бұл мемлекеттің абсолютті және тұрақты билігі». Саяси егеменділік идеясының қалыптасуы Батыс Еуропада ұлттық–тәуелсіз, орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болу үдерісімен сай келеді. Мұнда Е. шіркеуден, басқа мемлекеттен және биліктің басқа орталықтарынан тәуелсіздікті белгілейтін қасиет.

Егеменді мемлекет идеологиясы – жоғары феодал–билеуші–сеньордың үстемдігі туралы ортағасырлық түсінікке қарсы қойылды. Н.Макиавелли түсіндірмесінде егеменді билік бүкіл билік ретінде көрінеді. Жаңа заманда феодалдық монархтың жеке билігінің саяси Е. мемлекеттің, кейін халықтың (Дж. Локк, Б.Спиноза, Жан–Жак Руссо) үлесіне өтеді. Е. ең алдымен мемлекеттің өз қызметін жүзеге асыруда іске асады. Егемендік мемлекеттің құқық жүйесінде көрінеді. Мемлекеттің құқықтық өкілеттілігі мемлекеттік егеменділіктің шынайы іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің Е–гі халықаралық қатынастарда тәуелсіз, яғни халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде әрекет етуін айқындайды.

Мемлекеттердің Е–і теңдігі БҰҰ жарғысында бекітілген. Е–і теңдік қазіргі заманғы халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттарының бірі. Т.Гоббс теориясында Е. мемлекеттің өз азаматтарына деген билігінің абсолюттілігін білдіреді. Бірақ, бір адамның бүкіл билігі мемлекеттік заңның бүкіл билігіне біртіндеп орын береді. Б.Спиноза мен Г. Гроция саяси Е. ұғымын мемлекеттіліктің сапалы сипаттамасына қатысты көрсетеді.

Қазақстан егеменділігі 1991 жылы жарияланды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз елдің қатарына жатады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *