әлеуметтік этностық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени қарым–қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде әлгі әлеуметтік не этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез келген ұлттың өзіндік бітім–болмысы сақталып қалады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт–дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрайды. Жазу–сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегөйлікке, сенім–нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ғасырлар бойғы күнделікті іс–тәжірибе негізінде сұрыпталған, салт–дәстүрлер мен әдет–ғұрыптар мәдени мирас қалдырудың және оны жалғастырудың жалғыз ғана жолы еді. Азаматтық қоғам әлі қалыптаспаған тұстағы ырымдар мен әдет–ғұрыптардан қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипін байқауға болады. Әдетте, Д.м. уақыт ағымына, замана ырқына бағынбайды. Жас ұрпақ, жана буын мәдени дәстүрлерді өзгертуді мұрат тұтпайды да, әлеуметтік ортала берік орныққан салт–дәстүр адамдардың сапасына да уақыттан тысқарылық сезімін қалыптастырады. Осылайша ресми жоралғылар, жосындық үрдістер бұлжытпай сақталып, заң ретінде қабылданады. Әр ұлттың Д.м. оның тарихи даму барысында ұстанған діни сенімдері, дүниетанымы, мүдделері, тұрмыстық ерекшеліктері, өзге елдермен саяси, экономикалық және мәдени қарым–қатынастары негізінде қалыптасып, орнығады. Д. м.–тердің бір–бірімен ықпалдасуы нәтижесінде жеке ұлттың Д. м.–нің дамуы немесе өзге мәдениеттер арасында жоғалып кетуі де мүмкін. Қазіргі заманғы жаһандану кезінде әр ұлттың өзінің Д. м. сақтай отырып, оны ғылыми–технологиылық жаңалықтарға бейімдеуге, жалпы адамзаттық құндылықтармен ұштастыруға ұмтылуда.