ДОСТЫҚ

адамдардың бір–біріне қарым–қатынасын білдіретін әлеуметтік ұғым. Достық  мақсатмүдденің ортақ болуы, өзара мейірбандылық, бірін–бірі құрмет тұту сияқты шынайы сезімді білдіретін адамдар арасындағы ең жоғарғы гуманистік қатынасқа негізделеді. Бұл ұғым адамзат қоғамының ғасырлар бойындағы қарым–қатынасының даму тарихында цивилизация мен гуманизмнің дамып, кемелденуі нәтижесінде қалыптасқан. Ұлы ойшылдар мен гуманистер достық идеясын әрдайым уағыздап отырған. «Пікір бірлігінен достық туады». (Демокрит). «Уақыт та, арадағы шалғайлық та достықты әлсірете алмайды» (Герцен).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *